«Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама» атты тақырыбында түсіндірме жұмысы
2026-06-30
«Химия және биология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама» атты түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Түсіндірме жұмысының мақсаты – жастар мен оқушылардың есірткінің адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін зияны туралы түсініктерін кеңейту, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу.
Іс-шара барысында қатысушыларға есірткінің қауіптілігі, оның адам өміріне, отбасына және қоғамға кері әсері жөнінде ақпарат беріліп, өмірлік дұрыс таңдау жасауға шақырылды. Сонымен қатар, денсаулықты сақтау, жауапкершілік пен өз болашағына деген қамқорлықтың маңыздылығы түсіндірілді.
Түсіндірме жұмысының нәтижесінде қатысушылар есірткінің зияны туралы білімдерін толықтырып, салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден аулақ болуға деген оң көзқарастарын қалыптастырды.
