Ташенев университеті Huatec компаниясымен жасанды интеллект және инновациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
2026-04-03
Ташенев университеті Huatec компаниясымен жасанды интеллект және инновациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Ташенев университеті халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында Huatec компаниясының өкілдерімен және халықаралық білім беру бағдарламаларының директоры Тони Санның қатысуымен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және заманауи мамандарды даярлау бағыттарындағы бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталды. Атап айтқанда, жасанды интеллект, компьютерлік ғылымдар, бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ интеллектуалды өндіріс және инженерлік бағыттар бойынша бірлескен жұмыстар жүргізу мүмкіндіктері қарастырылды.
Huatec өкілдері Ташенев университетінің Jingshi International Industrial Institute халықаралық жобасына қатысу мүмкіндігін жоғары бағалады. Ынтымақтастық аясында университеттің қолданыстағы білім беру бағдарламаларын халықаралық академиялық ресурстармен және Huatec компаниясының тәжірибелік зертханаларымен байланыстыру мүмкіндігі қарастырылуда.
Кездесу барысында студенттердің заманауи технологиялар бойынша практикалық дағдыларын дамытуға, академиялық ұтқырлықты кеңейтуге және Қытайдағы кәсіби тағылымдамаларға қатысу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған заманауи оқу зертханасын құру перспективалары талқыланды.
Келесі кезеңде тараптар білім беру бағдарламаларын талдап, оқу материалдарымен алмасып, екі ұйымның стратегиялық мақсаттарына сәйкес келетін ынтымақтастық моделін әзірлейді.
Ташенев университеті жасанды интеллект, инновациялар және цифрлық экономика салаларында білікті мамандар даярлау үшін халықаралық байланыстарды кеңейту және студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашу бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.

