Болашақ мұғалімдерді даярлау: З.Ю. Раймбекованың ашық сабағы өтті
background

Болашақ мұғалімдерді даярлау: З.Ю. Раймбекованың ашық сабағы өтті

2025-11-11

Медиатека / Жаңалықтар / Болашақ мұғалімдерді даярлау: З.Ю. Раймбекованың ашық сабағы өтті

2025 жылдың 11 қарашасында сағат 09:30-да Қонаев корпусының 313-аудиториясында «Өзбек әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінен Фи-23-3к1/2 тобының студенттеріне арналған ашық практикалық сабақ ұйымдастырылды. Сабақты кафедраның білікті оқытушысы З.Ю. Раймбекова «Дарс режаси. Дарсни режалаштириш ва ўқитувчи томонидан уни тайёрлаш босқичлари» (Сабақ жоспары. Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оған дайындық кезеңдері) тақырыбында жоғары деңгейде өткізді.

Ашық сабақтың негізгі мақсаты – болашақ педагогтарға өзбек әдебиеті сабағының құрылымын, оны жүйелі жоспарлау әдістерін және мұғалімнің сабаққа дайындық кезеңдерін әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруын үйрету болып табылады. Сабақ барысында студенттердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған заманауи интерактивті әдістер, жағдаяттық тапсырмалар мен сабақ жоспарының жобасын жасау (модельдеу) жұмыстары сәтті қолданылды.

Іс-шараға қатысқан әріптестер мен кафедра басшылығы сабақ сапасына жоғары баға берді:

· Кафедра басшылығы мен әріптестер пікірі: «З.Ю. Раймбекованың ашық практикалық сабағы жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Таңдалған тақырып студенттердің болашақ педагог ретіндегі кәсіби біліктілігін қалыптастыру үшін өте өзекті. Оқытушы аудиторияны өзіне баурап алып, сабақ жоспарлаудың қыр-сырын өте жақсы түсіндірді, уақытты тиімді бөлді. Қонаев корпусының 313-аудиториясындағы техникалық мүмкіндіктер мен әдістемелік нұсқаулықтар өте орынды пайдаланылды».

Фи-23-3к1/2 тобы студенттерінің жоғары белсенділігі мен қызығушылығының арқасында ашық сабақ алға қойған барлық мақсаттарына толық қол жеткізді.