Мәдениет пен тілдің тоғысы: профессор Х.Х. Хамраеваның ашық сабағы өтті
2025-11-25
2025 жылдың 25 қарашасында Мәдениет пен тілдің тоғысы: профессор Х.Х. Хамраеваның ашық сабағы өттіғат 10:30-да Қонаев корпусының 220-аудиториясында «Лингвомәдениеттану» пәнінен МФИ-24-3к тобының студенттеріне арналған ашық практикалық сабақ ұйымдастырылды. Сабақты филология ғылымдарының докторы, профессор Х.Х. Хамраева «Метафора – маданиятнинг кўрсаткичи» (Метафора – мәдениеттің көрсеткіші) тақырыбында жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізді.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттерге тіл мен мәдениеттің өзара байланысын түсіндіру, метафораның мәдени код ретіндегі рөлін ашу, лингвомәдени ұғымдарды талдау дағдыларын қалыптастыру және болашақ мамандардың ғылыми-зерттеушілік біліктілігін арттыру болып табылады. Сабақ барысында заманауи интерактивті әдіс-тәсілдер, мәдени мәтіндермен жұмыс және лингвистикалық модельдеу тапсырмалары сәтті қолданылды.
Іс-шараға қатысқан әріптестер мен кафедра басшылығы сабақ сапасына жоғары баға берді:
· Кафедра басшылығы мен әріптестер пікірі: «Проф. Х.Х. Хамраеваның ашық сабағы өзінің терең ғылыми мазмұнымен және әдістемелік шеберлігімен ерекшеленді. Таңдалған тақырып студенттердің дүниетанымдық деңгейін кеңейту және тілдің мәдени қызметін түсіну үшін аса өзекті. Оқытушы аудиториямен тығыз байланыс орнатып, Қонаев корпусының 220-аудиториясының техникалық және көрнекілік мүмкіндіктерін өте тиімді пайдаланды. МФИ-24-3к тобының студенттері күрделі лингвистикалық ұғымдарды талдауда жоғары белсенділік пен білім деңгейін көрсетті».
Студенттердің жоғары қызығушылығы мен тақырыпты терең меңгеруінің арқасында ашық сабақ алға қойған барлық мақсаттарына толық қол жеткізді.
