Тілдік коммуникация және кәсіби дағды: Ж.Ж. Жумагулованың ашық сабағы өтті
2025-11-20
2025 жылдың 20 қарашасында Иляева корпусының 309-аудиториясында сағат 11:30-да «Орыс тілі» пәнінен ФИ-25-1к1 тобына арналған ашық практикалық сабақ ұйымдастырылды. Сабақты филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Ж.Ж. Жумагулова «В аэропорту, на вокзале. Вопросительные местоимения» тақырыбында жоғары әдістемелік деңгейде өткізді.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттерді күнделікті өмірде және қоғамдық орындарда (әуежайда, вокзалда) орыс тілінде еркін коммуникация құруға үйрету, сұрау есімдіктерін сөйлеу барысында дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру және тілдік біліктілікті арттыру болып табылады. Сабақ барысында жағдаяттық тапсырмалар, интерактивті әдістер мен студенттердің тақырыпты терең меңгеруіне бағытталған практикалық жұмыс түрлері сәтті үйлесім тапты.
Іс-шараға қатысқан әріптестер мен кафедра басшылығы сабақ сапасына жоғары баға берді:
· Кафедра басшылығы мен әріптестер пікірі: «Ж.Ж. Жумагулованың ашық практикалық сабағы жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті. Таңдалған тақырып студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық және кәсіби ортада тілдік кедергілерді еңсеруі үшін өте өзекті. Оқытушы аудиториямен тығыз байланыс орнатып, көрнекі құралдар мен Иляева корпусының 309-аудиториясының мүмкіндіктерін өте тиімді пайдаланды. Студенттердің белсенділігі мен сұрау есімдіктерін мәтін ішінде қолдану дағдылары жақсы деңгейде көрінді. Сабақ өз мақсатына толық жетті».
