«25-қазан –«Республика күні» атты ашық тәлімгерлік тәрбие сағаты
2025-10-25
Медиатека / Жаңалықтар / «25-қазан –«Республика күні» атты ашық тәлімгерлік тәрбие сағаты
Топ тәлімгері: Жусипова У.О. 25 қазан – Қазақстан Республикасының егемендігін айқындаған маңызды күн. 1990 жылы осы күні Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. 2022 жылдан бастап 25 қазан ресми түрде Республика күні болып жарияланды. Бүгінде егемен Қазақстан — әлем таныған, бейбітшілікті ту еткен, рухы биік, мақсаты айқын мемлекет. Республика күні — өткенімізді бағалау, бүгінімізге шүкірлік ету, болашаққа сеніммен қарау мерекесі.
