Кафедраның аға оқытушысы, х.ғ.к. К. Төлешова «Лабораториялық практика мен қауіпсіздік»
Семинар барысында зертханалық сабақтарды ұйымдастырудың негізгі қағидалары, зертханалық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану тәртібі және қауіпсіздік техникасының талаптары жан-жақты қарастырылды. Зертханалық практика барысында орын алуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен олардың алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді. Төтенше жағдай туындаған кезде алғашқы көмек көрсету, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және эвакуациялау тәртібі жөнінде практикалық ұсыныстар айтылды. Қатысушылар қауіпсіздік техникасын сақтаудың тек жеке денсаулық пен өмірді қорғап қана қоймай, оқу үдерісінің тиімділігі мен сапасын арттыруға да ықпал ететіндігін атап өтті. Семинар барысында зертханалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі жауапкершілік мәселелері талқыланып, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудың маңыздылығы ерекше көрсетілді. Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, зертханалық тәжірибелерді қауіпсіз ұйымдастыруға қатысты өзекті сұрақтарға жауап алды.

