«Мықты отбасы – қоғамның берік тұғыры»
background

«Мықты отбасы – қоғамның берік тұғыры»

2026-05-15

Медиатека / Жаңалықтар / «Мықты отбасы – қоғамның берік тұғыры»

«Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» институты  "Педагогика және психология" кафедрасы          ПИК-24-7к1 топтарымен кафедраның  аға тәлімгерлері білім алушылардың қатысуымен «Мықты отбасы – қоғамның берік тұғыры» идеологиясы аясында тағылымды дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасының қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ жауапкершілік пен сыйластық қағидаларын насихаттау.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар отбасының адам өміріндегі орны, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтардың сабақтастығы жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы отбасы институтын нығайту, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңыздылығы кеңінен талқыланды.