Ғылыми және әдістемелік семинарлар
1) жаһандық ғылыми трендтер»
2025 жылғы 20 қарашада «Химия және биология» кафедрасында «Агроэкология мен биологиядағы жаһандық ғылыми трендтер» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Семинарды кафедра меңгерушісі, PhD докторы Ш.С. Муминова жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар агроэкология және биология салаларындағы заманауи ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарымен танысты. Іс-шарада агроэкожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, климаттың өзгеруінің ауыл шаруашылығына әсері, биоалуантүрлілікті сақтау, экологиялық мониторинг жүргізу және биотехнологияның соңғы жетістіктері мәселелері кеңінен қарастырылды.
Кездесу белсенді пікір алмасу форматында өтті: кафедра оқытушылары мен жоғары курс студенттері ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, инновациялық технологияларды енгізу және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту бойынша өз сұрақтарын қойды.
Семинар қорытындысында қатысушылар агроэкология мен биология салаларындағы өзекті ғылыми мәселелерді талқылап, ғылыми жобаларды әзірлеу, халықаралық бағдарламаларға қатысу және зерттеу нәтижелерін жариялау бағытындағы болашақ мүмкіндіктерді қарастырды.
