1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
2026-05-01
Медиатека / Жаңалықтар / 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары институты "Педагогика және психология"кафедрасы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай іс-шара ұйымдастырды. Бұл мерекенің басты мақсаты – еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен татулығын дәріптеу, жастар арасында бірлік пен ынтымақтастықты нығайту.
Іс-шара барысында студенттер әртүрлі ұлттардың мәдениеті мен дәстүрлерін таныстырып, ұлттық киімдер киіп, ән айтып, би биледі.Қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
