Практика – болашақ маманның кәсіби қалыптасуының маңызды кезеңі
2026-02-04
Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары институтының Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының Бастауыш білім беру білім беру бағдарламасының 3-курс студенті қазіргі таңда Арыс қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында педагогикалық практикадан өтуде. Практика А.А. Аккузовтың ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.
Практика барысында студент мектептің оқу-тәрбие үдерісіне белсенді қатысып, болашақ бастауыш сынып мұғаліміне қажетті кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруде. Сонымен қатар, оқушылармен тиімді жұмыс жүргізіп, заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда.
Қазіргі уақытта студент әдіскерлер мен тәлімгер мұғалімнің жетекшілігімен ашық сабақ өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сабақтың мақсаты – білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және оқу үдерісінде инновациялық педагогикалық технологияларды тиімді қолдану.
Педагогикалық практика – теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, кәсіби шеберлікті шыңдайтын маңызды кезең. Болашақ ұстазға алдағы ашық сабағына сәттілік тілеп, шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!
