Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысын таныстыруы
background

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысын таныстыруы

2026-05-16

Медиатека / Жаңалықтар / Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысын таныстыруы

Ж.А. Тәшенев университеті АҚ «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» институтында 7M01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының магистранты өзінің ғылыми-зерттеу жұмысын таныстырды.

Іс-шара барысында магистрант зерттеу тақырыбының өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін, зерттеу әдістерін және алынған нәтижелерін жан-жақты баяндады. Сондай-ақ зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызына тоқталып, білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстарын ұсынды.

Таныстырылым барысында қатысушылар ғылыми жұмыстың мазмұны бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты. Магистрант зерттеу нәтижелерін дәлелді түрде қорғап, ғылыми ізденіс барысында қол жеткізген жетістіктері мен болашақтағы зерттеу бағыттары туралы ақпарат берді.

 

Іс-шара ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыруға, тәжірибе алмасуға және магистранттардың ғылыми әлеуетін дамытуға мүмкіндік берді. Ғылыми-зерттеу жұмысын таныстыру жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.