Магистранттың бакалавриат студенттеріне дәріс өткізуі
background

Магистранттың бакалавриат студенттеріне дәріс өткізуі

2026-04-13

Медиатека / Жаңалықтар / Магистранттың бакалавриат студенттеріне дәріс өткізуі

 

Ж.А. Тәшенев университеті АҚ «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» институтының 7M01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының магистранты педагогикалық практика аясында бакалавриат студенттеріне дәріс сабағын өткізді.

Дәрістің мақсаты – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдермен таныстыру, білім беру үдерісіндегі инновациялық технологиялардың маңызын түсіндіру және тәжірибе алмасу болды. Педагогикалық практика магистранттардың жоғары оқу орнында сабақ жүргізу дағдыларын қалыптастыруға және оқытушылық қызметке бейімделуіне бағытталған.

Сабақ барысында магистрант тақырып бойынша мазмұнды презентация ұсынып, интерактивті оқыту әдістерін қолданды. Студенттер теориялық материалдарды талқылап, өз пікірлерін білдіріп, кәсіби мәселелер төңірегінде ой алмасты. Сонымен қатар топтық жұмыстар ұйымдастырылып, білім алушылардың белсенді қатысуына жағдай жасалды.

Бакалавриат студенттері дәріске қызығушылық танытып, берілген тапсырмаларды белсенді орындады. Сабақ барысында тиімді кері байланыс орнатылып, қатысушылар өздерінің педагогикалық көзқарастары мен тәжірибелік ұсыныстарын ортаға салды.

Дәріс жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, педагогикалық практиканың мақсат-міндеттеріне толық сәйкес өткізілді. Мұндай іс-шаралар магистранттардың оқытушылық шеберлігін жетілдіруге, ал студенттердің кәсіби білімін тереңдетуге мүмкіндік береді. Қорытындылай келе, өткізілген дәріс білім алушылардың кәсіби қызығушылығын арттырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау сапасын жетілдіруге өз үлесін қосты.