«Жас маманның кәсіби этикасы»
background

«Жас маманның кәсіби этикасы»

2026-06-18

Медиатека / Жаңалықтар / «Жас маманның кәсіби этикасы»

           Қазіргі қоғамда кәсіби білім мен біліктілік қана емес, кәсіби этика да маманның табысты қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Кәсіби этика – маманның жұмыс барысында ұстанатын адамгершілік қағидалары, мінез-құлық мәдениеті мен кәсіби жауапкершілігінің жиынтығы. Жас маман еңбек жолын бастаған кезде өз ісіне адалдық танытып, жауапкершілікті сезіне білуі қажет. Әрбір тапсырманы сапалы орындау, уақытты тиімді пайдалану, әріптестермен және клиенттермен сыпайы қарым-қатынас жасау – кәсіби этиканың негізгі талаптары. Сонымен қатар, жұмыс орнындағы тәртіпті сақтау, құпия ақпаратты жарияламау және ұйымның беделін құрметтеу де маңызды.

           Кәсіби этика жас маманның ұжымдағы беделін қалыптастырады. Әдептілік, әділдік, шынайылық және сенімділік сияқты қасиеттер әріптестердің құрметіне ие болуға көмектеседі. Өз мамандығын жетік меңгеруге ұмтылу, үнемі білімін жетілдіру және жаңашылдыққа ашық болу да кәсіби мәдениеттің ажырамас бөлігі болып саналады.

Тәрбие сағатын өткізген

ФК -25-1к14 тобының кураторы, оқытушы Шынтаев Ш.А.

24.12. 2025ж., 104 аудитория