Сәуір айының 10 жұлдызында «Химия және биология» кафедрасында «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында тәлімгерлік сағаты өткізілді.
2026-06-09
Медиатека / Жаңалықтар / Сәуір айының 10 жұлдызында «Химия және биология» кафедрасында «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында тәлімгерлік сағаты өткізілді.
Сәуір айының 10 жұлдызында «Химия және биология» кафедрасында «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында тәлімгерлік сағаты өткізілді. Тәлімгерлік сағатына ЕП-24-10к2, ЕП-24-9к2 топтарының білім алушыларымен топ тәлімгерлері А.П.Кенесова мен Ж.Қ. Қылышбектер қатысты.
«Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбы жас ұрпаққа есірткі заттарының адам денсаулығына, психикасына және қоғамға тигізетін зиянын түсіндіруге бағытталған. Нашақорлық – жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның болашағына қауіп төндіретін өзекті әлеуметтік мәселе. Ол адамның денсаулығын бұзып қана қоймай, отбасылық құндылықтардың әлсіреуіне, құқық бұзушылықтың артуына және қоғамдағы тұрақтылықтың төмендеуіне әсер етеді.

