2026 жылғы 19 мамырында «Өнер және көркем еңбек» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Алшымбаева Сауле Нағашбекқызы 6В01403-«Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау»
2026-06-09
2026 жылғы 19 мамырында «Өнер және көркем еңбек» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Алшымбаева Сауле Нағашбекқызы 6В01403-«Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша ПиК-23-16к тобында «Материалдарды көркемдеп өңдеу» пәнінен «Сәндік панно дайындау (фелтинг технологиясы) тәсілдерін меңгерту» тақырыбында ашық практикалық сабағын өткізді. Өтілген ашық практикалық сабақ қазіргі білім беру талаптарына сай ұйымдастырылған, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған мазмұнды сабақ болып табылды. Практикалық жұмыс кезеңінде көрсету (демонстрация) әдісі, тәжірибелік оқыту әдісі, жобалау және шығармашылық тапсырмалар әдісі тиімді пайдаланылды. Аға оқытушы Алшымбаева С.Н. жүнді дайындау, композиция құру, дымқыл және құрғақ фелтинг тәсілдері арқылы панно жасаудың кезеңдерін нақты түсіндіріп, іс-әрекетті орындау ретін көрсетті. Білім алушылар өз бетімен шығармашылық жұмыс орындау барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдана білді. Сабақ өз мақсатына толық жетіп, жоғары деңгейде өткізілді деп бағалауға болады.

