«Макулатура тапсыр – ағашты сақта!» акциясы
2026-06-08
Өткізілген күні: 21.05.2026 ж.
Өткізілген орны: «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» институты Гагарина 22а
Қатысушылар: Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» институты директоры Арзымбетова Ш.Ж.
Аға тәлімгерлер: Мамадәлі Ж.Т.,Кенесова А.П.,Ермашова А.О.,Жораева Г., және 6В01507-Химия-биология мұғалімдерін даярлау, 6В01101-Психология (IP), 6В01202- Мектепке дейінгі білім беру (IP), 6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау мамандығының білім алушылары.
Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи ресурстарды үнемдеуді насихаттау мақсатында оқу орнында «Макулатура тапсыр – ағашты сақта!» акциясы ұйымдастырылды.
Аталған акцияға студенттер мен аға тәлімгерлер белсенді түрде қатысып, пайдаланылған қағаз өнімдерін, газет-журналдар, картон және артық қағаз қалдықтарын жинау жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға макулатураны қайта өңдеудің маңызы, ағаштарды сақтаудағы рөлі және қоршаған ортаға тигізетін оң әсері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

