15 мамыр күні отбасы күніне орай "Химия және биология" кафедрасы ЕП-24-7к; ЕП-24-10к2; ЕП-25-7к1; ЕП-24-9к2 топтарымен кафедраның тәлімгерлері
background

15 мамыр күні отбасы күніне орай "Химия және биология" кафедрасы ЕП-24-7к; ЕП-24-10к2; ЕП-25-7к1; ЕП-24-9к2 топтарымен кафедраның тәлімгерлері

2026-06-08

Медиатека / Жаңалықтар / 15 мамыр күні отбасы күніне орай "Химия және биология" кафедрасы ЕП-24-7к; ЕП-24-10к2; ЕП-25-7к1; ЕП-24-9к2 топтарымен кафедраның тәлімгерлері

15 мамыр күні отбасы күніне орай "Химия және биология" кафедрасы ЕП-24-7к; ЕП-24-10к2; ЕП-25-7к1; ЕП-24-9к2 топтарымен кафедраның  тәлімгерлері білім алушылардың қатысуымен «Мықты отбасы – қоғамның берік тұғыры» идеологиясы аясында тағылымды дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасының қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ жауапкершілік пен сыйластық қағидаларын насихаттау.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар отбасының адам өміріндегі орны, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтардың сабақтастығы жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы отбасы институтын нығайту, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңыздылығы кеңінен талқыланды.