Оқыту әдістері мен стратегияларын жоспарлау
2026-05-29
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Б.К. Елікбаев 2026 жылғы 19 наурыз күні 6В01710 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» (IP) білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Оқытуды жоспарлау және дербестендіру» пәні бойынша «Оқыту әдістері мен стратегияларын жоспарлау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Лекция түрінде ұйымдастырылған сабақ 101 аудиторияда өтті.
Ашық сабақ барысында оқыту әдістері мен стратегияларын тиімді жоспарлаудың маңызы жан-жақты талданып, заманауи педагогикалық технологияларды қолданудың ерекшеліктері түсіндірілді. Сабақта интерактивті әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, білім алушылардың танымдық белсенділігі мен кәсіби қызығушылығын арттыруға бағытталған мазмұнды талқылаулар жүргізілді. Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.

