09.04.2026 ж. «Дизайн және сән» кафедрасының аға оқытушысы Асилова К.С. «Дизайндық ойлау» пәні бойынша ПиК 23-14к тобында ашық сабақ өткізді
2026-05-22
09.04.2026 ж. «Дизайн және сән» кафедрасының аға оқытушысы Асилова К.С. «Дизайндық ойлау» пәні бойынша ПиК 23-14к тобында ашық сабақ өткізді. «Сәндік аксессуарлар. Олардың түрлері. Бас киімдер. Олардың күнделікті өмірде қолданылуы» тақырыбында практикалық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – студенттерге сәндік аксессуарлардың түрлері мен олардың ерекшеліктері туралы түсінік беру, бас киімдердің күнделікті өмірдегі қолданылу аясын түсіндіру, сондай-ақ студенттердің шығармашылық ойлау қабілеті мен эстетикалық талғамын дамыту. Практикалық жұмыс барысында студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастыруға, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеуге ерекше назар аударылды. Сабақ барысында студенттер белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Практикалық жұмыс кезінде студенттердің сән әлеміне деген қызығушылығы, шығармашылық белсенділігі және талдау жасау қабілеттері байқалды. Сабақ өте жақсы деңгейде өтті.

