2025 жылғы 13 қарашада «Дизайн және сән» кафедрасының профессоры Джанпаизова Василя Мирзахмедовна «Академиялық жарияланымдар мәдениеті:
background

2025 жылғы 13 қарашада «Дизайн және сән» кафедрасының профессоры Джанпаизова Василя Мирзахмедовна «Академиялық жарияланымдар мәдениеті:

2026-05-20

Медиатека / Жаңалықтар / 2025 жылғы 13 қарашада «Дизайн және сән» кафедрасының профессоры Джанпаизова Василя Мирзахмедовна «Академиялық жарияланымдар мәдениеті:

2025 жылғы 13 қарашада «Дизайн және сән» кафедрасының профессоры Джанпаизова Василя Мирзахмедовна «Академиялық жарияланымдар мәдениеті: Scopus, КОКСОН және халықаралық конференциялардағы ғылыми мақалаларды рәсімдеу тәртібі» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара 07 аудиторияда сағат 11:30-да өтті. Семинардың мақсаты – оқытушылар мен студенттерді ғылыми мақалаларды рәсімдеудің заманауи талаптарымен таныстыру, Scopus, КОКСОН және халықаралық конференция материалдарына мақала дайындау ерекшеліктерін түсіндіру болды. Сонымен қатар, ғылыми жарияланым мәдениетін қалыптастыру, академиялық адалдық қағидаларын сақтау және зерттеу нәтижелерін сапалы ұсыну мәселелеріне ерекше назар аударылды. Семинар барысында қатысушылар ғылыми мақалаларды құрылымдау, рәсімдеу және халықаралық стандарттарға сәйкес дайындау бойынша пайдалы ақпарат алды. Қатысушылар белсенді түрде пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауаптар алды. Іс-шара кәсіби тәжірибе алмасуға және ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықты арттыруға ықпал етті.