«Программное обеспечение информационных систем» пәнінен ашық сабақ өтті
background

«Программное обеспечение информационных систем» пәнінен ашық сабақ өтті

2026-05-23

Медиатека / Жаңалықтар / «Программное обеспечение информационных систем» пәнінен ашық сабақ өтті

Оқытушы: магистр, аға оқытушы Байзакова Бактыгуль Сатановна
Тақырыбы: Оператор с параметром for. Оператор foreach

2026 жылғы 27 сәуір күні оқытушы Байзакова Бактыгуль Сатановна ИЭФ-24-13р тобының студенттеріне «Программное обеспечение информационных систем» пәні бойынша «Оператор с параметром for. Оператор foreach» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Аталған сабақтың мақсаты – студенттерге for және foreach цикл операторларының жұмыс істеу принциптерін түсіндіру, олардың құрылымы мен қолданылу ерекшеліктерін меңгерту, сондай-ақ бағдарламалау барысында тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру болды.

Сабақ барысында for және foreach цикл операторларының синтаксисі мен негізгі ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар циклдерді бағдарламалау есептерінде қолдану жолдары нақты мысалдар арқылы көрсетіліп, практикалық тапсырмалар орындалды. Студенттер циклдік құрылымдарды пайдалану арқылы бағдарламалау дағдыларын жетілдіріп, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті.

Сабақ заманауи оқыту әдістерін қолдана отырып, теориялық және практикалық форматта ұйымдастырылды. Студенттер сабаққа белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды орындау барысында өз білімдерін тереңдетті.

Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өткізіліп, қойылған мақсаттарға толықтай қол жеткізілді. Сабақ мазмұны студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және бағдарламалау пәніне деген қызығушылығын дамытуға ықпал етті.