«Орыс және өзбек тілдері» кафедрасы «ЖАС ҒАЛЫМ - 2026» конференциясы аясындағы көрмеге белсене қатысты
2026-05-14
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университетте «ЖАС ҒАЛЫМ - 2026: БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» атты жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті. Конференцияның салтанатты ашылуы мен пленарлық мәжілісі аясында университет әкімшілігі ұйымдастырған жалпыуниверситеттік көрмеге «Орыс және өзбек тілдері» кафедрасы ерекше дайындықпен қатысты.
Пленарлық мәжіліс барысында конференцияның негізгі бағыттары талқыланып, ғылымның болашағына қатысты маңызды баяндамалар жасалды. Дәл осы маңызды жиынмен қатар өткен көрме экспозициясына кафедра ұжымы мен студенттері өздерінің ғылыми жетістіктерін, оқу-әдістемелік еңбектерін және шығармашылық жобаларын ұсынды.
Кафедра оқытушылары мен студенттерінің біріккен жұмысы конференция қонақтарының қызығушылығын тудырып, кафедраның ғылыми әлеуетін тағы бір мәрте паш етті. Пленарлық мәжіліске қатысушылар кафедра ұсынған материалдардың өзектілігі мен ғылыми құндылығына жоғары баға берді.


