«Өнер және көркем еңбек» кафедрасының «жарияланым белсенділігін арттыру» тақырыбындағы семинары
2026-04-29
2026 жылдың 10 қарашасында Гагарина көшесі, 22/а мекенжайында орналасқан оқу корпусында «Жарияланым белсенділігін арттыру » тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Шараға «Музыка мұғалімдерін даярлау», «Музыкалық білім» және «Эстрадалық вокал» бағдарламаларының оқытушылары қатысты.
Педагогика ғылымдарының кандидаты А.Ж. Өтешова ғылыми жұмысқа қойылатын заманауи талаптар туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады. Семинар аясында келесі мәселелер талқыланды:
· Авторларға әдістемелік қолдау көрсету алгоритмі;
· Академиялық жазудағы халықаралық IMRaD стандартын қолдану;
· Scopus және Web of Science базаларындағы сапалы басылымдарды таңдау критерийлері.
Іс-шара ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыруға және оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталды.
