Республикалық дебат турниріндегі жетістік
background

Республикалық дебат турниріндегі жетістік

2026-04-27

Медиатека / Жаңалықтар / Республикалық дебат турниріндегі жетістік

Республикалық дебат турниріндегі жетістік

25–26 сәуір күндері SDU University базасында өткен дәстүрлі “SDU CUP 2026” республикалық пікірсайыс турнирінде

 “Жұмабек Тәшенев” университеті студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, «Үздік команда» номинациясын иеленді.

Аталған турнирге еліміздің әр өңірінен келген үздік пікірсайысшылар қатысып, өзара бақ сынады. Интеллектуалды дода барысында университетіміздің “Таным” дебат клубының командасы терең талдау, жүйелі аргументация және жоғары деңгейдегі шешендік қабілеттерімен ерекшеленді.

Жеңімпаздар құрамында:

• “Таным” дебат клубының жетекшісі, 

“Әлем тілдері” институтының 

“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының оқытушысы Асанғали Мұқағали

6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының 2- курс фи-24-1к1 оқу тобының студенттері:

• Нұрпапа Салтанат Азаматқызы

• Турсунбаева Юлдуз Еркеновна

• Мейрбек Камила Медеуқызы

Бұл жетістік – оқытушы мен студенттердің бірлескен еңбегінің, сапалы дайындық пен командалық рухтың айқын көрінісі.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруларына тілектестік білдіреміз!