«Ғылым – болашақтың негізі, ал сол болашақты қалыптастыратын жастар» атты тақырыпта ғылыми-зерттеу семинары
background

«Ғылым – болашақтың негізі, ал сол болашақты қалыптастыратын жастар» атты тақырыпта ғылыми-зерттеу семинары

2026-04-14

Медиатека / Жаңалықтар / «Ғылым – болашақтың негізі, ал сол болашақты қалыптастыратын жастар» атты тақырыпта ғылыми-зерттеу семинары

2026 жылдың 14 сәуір күні «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессорлық – оқытушылар құрамына, студенттері мен магистранттарға арналған 6В04101 "Есеп және аудит", 6В04102 "Қаржы", 6В04103 - "Экономика", 6В04104 - "IT менеджмент", 6В04105 – "Мемлекеттік жергілік басқару" 6В04106 – "іскерлік әкім" (ВВА)", магистратура: 7М04101 - "Экономика", 7М04105 - "Мемлекеттік жергілікті басқару" білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттетріне тақырыбы «Ғылым - болашақтың негізі, ал осы болашақты қалыптастыратын жастар» ғылыми-зерттеу семинары ұйымдастырылды.

 Іс-шараның өткізу мақсаты студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту – олардың шығармашылық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытудың маңызды құралы. Студенттерді ғылымға баулу – олардың жеке және кәсіби дамуына жасалған маңызды қадам. Университет қабырғасынан шыққан жас ғалымдар қоғамның жаңа мүмкіндіктерін ашатын негізгі күшке айналады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу семинарында э.ғ.к., аға оқытушы Демесинова Азиза Адильбековна, магистр, аға оқытушы Абдурахманова Зулпаруза Амирбековна және Сапарбаева Эльмира Абтихаймовна «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына шолу» атты тақырыбында презентация ұсынды талдаулар жүргізілді.

Ғылыми семинардың өткізу мақсаты - студенттердің әр түрлі салаларда ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналысу, талдау жүргізу және ғылым арқылы өз білідерін дамытуға үйрету болып табылады.

«Ғылым: кеше, бүгін, ертең» –бүгінімізді жақсартып, болашағымызды құрудың негізгі құралы екенін талдап берді. Университет – тек білім алатын орын ғана емес, ғылым мен жаңалықтың ордасы.