📚 2026 жылғы 9 сәуірде Ташенев университетінің Ақпараттық білім беру орталығында маңызды халықаралық кездесу өтті!
2026-04-11
Медиатека / Жаңалықтар / 📚 2026 жылғы 9 сәуірде Ташенев университетінің Ақпараттық білім беру орталығында маңызды халықаралық кездесу өтті!
2026 жылғы 9 сәуірде Ташенев университетінің Ақпараттық білім беру орталығында маңызды халықаралық кездесу өтті!
6В03201 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлықты дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Ankara Üniversitesi профессоры Севил Пириева арнайы дәріс өткізді.
Дәріс барысында
▪️ Түркиядағы кітапхана саласының заманауи даму үрдістері
▪️ Жеке меншік кітапханалардың тәжірибесі
▪️ Цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу жолдары
▪️ Жоғары оқу орындары арасындағы кәсіби серіктестікті дамыту мәселелері қарастырылды
Бұл кездесу студенттер мен оқытушылар үшін жаңа білім мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.
✨ Халықаралық байланыстар – сапалы білімнің кепілі!



