Ғылыми конференция басталды
12 сәуір - ғылым қызметкерлерінің күні. Tashenev University осынау кәсіби мереке қарсаңында «Жастар және ғылым - 2023" атты жас ғалымдар мен студенттер арасындағы республикалық ғылыми-практикалық конференциясын бастады.
Талантты, ғылымға қызығушылық танытатын студенттерді табуды және қолдауды мақсат еткен шараға өңіріміздегі және көрші аймақтардағы білімге құштар студенттермен қатар оқу ордамыздың ғылымға жақын білім алушылары да қатысуда.
Конференцияның ашылуында сөз алған университет ректоры Қ. Байболов қатысушыларды мерекемен құттықтап, жас ғалымдарға сәттілік тіледі.
Оқу ордамызбен танысты
Университетімізде "Ашық есік" апталығы басталды. Енді бір апта бойы Шымкент қаласындағы мектеп бітіруші түлектер бекітілген кестеге сай оқу орнында болып, тыныс-тіршілігімен, білім беру процессімен және оқу базасымен танысады. Мүмкіндіктерімізді көреді.
Бүгін бірқатар мектептер мен колледждердің оқушылары оқу ордамызда болды. Университеттің әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры Ғ. Битұрсын мен факультет декандары түлектерге Тәшенев университетінің құрылу тарихы, білім беру бағдарламалары, оқытушы-профессорлар құрамы жөнінде кең мағлұмат берді.
ҮНДЕУ
- Read more about ҮНДЕУ
- 1 view
Ж.А.ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ ӨТКІЗГЕН ФОРУМНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЖОО ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАРЫ, ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ МЕН АРНАЙЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ПЕДАГОГ МАМАНДАРЫНА, СТУДЕНТТЕРГЕ, АТА-АНАЛАРҒА ҮНДЕУІ
Университет мақтаныштары
Розигүл Сайфуллаева университетіміздің Педагогика және психология факультетінің «Бастауышта білім беру» мамандығы бойынша оқып жүрген 1-курс студенті.
Қос оқытушының еңбегі еленді
Университетіміздің ардагер оқытушылары Берікбай Мейірбеков пен Ұлықбек Мәжитов «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында байқау ұйымдастырған болатын. Оқытушыларымыз осынау байқауға өздерінің көп жылғы еңбек өтілі, сіңірген еңбегі туралы ұсыныс жолдап, бірінші дәрежелі дипломға ие болды.
Конкурс. 01.04.2023. Профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау
? Хабарландыру 01.04.2023
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеті профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми қызметкерлердің бос орындарына конкурс жариялайды.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ – ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ БАСТАУЫ
Алматыдағы «Жас Одақ» қоғамдық қоры мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға арналған әлеуметтік жоба әзірлеп, іске асыруды қолға алды. Бұл бағытта «Business Kids» Халықаралық балалар академиясымен бірлесе әлеуметтік серіктестік құрып, жобада қамтылған басымдықтар бойынша жұмыс жүргізуде. Tashenev University халықаралық академиямен бірлесіп жұмыс істеуді бастап кетті.
Студенттеріміз озық шықты
Шымкент қаласындағы академик А.Қутабеков атындағы Халықтар Достығы университетінде «Жаңа Қазақстанның білікті тіректері» атты аймақтық экономикалық олимпиада болып өтті.
Бос орынға орналасуға конкурс жариялау
? Хабарландыру 28.03.2023 ж.
«Ж.А. Тәшенев атындағы университеті» бос орынға орналасуға конкурс жариялайды:
Әлеуметтік және тәрбие құрылымының маманы – 1 бірл.
Өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күннен кешіктірілмей берілуі тиіс.
Құжат қабылдаудың уақыты мен соңғы күні:
2023 жылғы сәуірдің 10-ы, сағ.18:00-ге дейін.
⛳ Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Тоқаев көшесі 27а, 207 кабинет.
Түлектер университетімізге жолдама алды
Жуырда Tashenev Universiy мен ҚР өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының бірлесе ұйымдастыруымен Түркістан облысы және Шымкент қаласының өзбек тілінде білім беретін жалпы білім беру мекемелеренің түлектері «Ана тілім – асыл қазынам» атты өзбек тілі мен әдебиетінен пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінде бас қосты.