Конкурс жариялау

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеті профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми қызметкерлердің бос орындарына конкурс жариялайды.

Сіздерді білім мен ғылымның сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған академиялық қоғамдастыққа қатысуға және қосылуға шақырамыз.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР ӨТІП ЖАТЫР

Универсиетімізде білім алуға ниетті талапкерлер шығармашылық емтихандардың күнтізбесіне сәйкес 11-12-13 шілде аралығында
6В01401-Денешынықтыру мұғалімдерін даярлау,
6В02101-Дизайн,
6В02111 - Сән индустриясы,
6В01403-Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау,
6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық емтихан тапсырып жатыр.

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан тапсыру үшін түсушілерден өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰ-да күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 7 шілдесі аралығында жүзеге асырылады. Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8-15 шілде аралығында өткізіледі. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаты бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 45 балдық жүйе бойынша бағаланады. Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Құрметті ТАЛАПКЕР!

Тәшенев университетінің Қабылдау комиссиясы өз жұмысын 2023 жылдың 20  маусымынан бастады.
Тәшенев университеті келесі 5 БББ (мамандық) бойынша шығармашылық емтихандарды өткізіп, талапкерлерді оқуға қабылдай алады:
1. 6В02111 Сән индустриясы (50 балл)
2. 6В01402 Музыка мұғалімдерін даярлау (75 балл)
3.6В01403 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау (75 балл)
4. 6В01401 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау * (75 балл)

Tashenev university алғашқы түлектері диплом алды

Бұл 25 жылдық тарихы бар Жетісай қаласындағы бұрынғы Сырдария университетінің түлектері. Бірақ үшінші мегаполиске бір жыл бұрын ғана көшіп келіп, атауын Ж.А.Тәшенев атындағы университеті деп өзгерткен. Tashenev University алғашқы түлегі деп отырғанымыз да сондықтан.

Қабылдау комиссиялары жұмысын бастады

Қазақстанның білім-ғылым тарихында тағы бір кезең бастау алды. Бүгін еліміздегі  жоғары оқу орындарында талапкерлерді қабылдау басталды. Жаңа оқу жылына дайындық жұмысы Шымкенттегі университеттерде де қыза түсті. Соның бірі Tashenev университетінің қабылдау комиссиясы өз жұмысын таңғы тоғыздан бастады. Жалпы жоғары оқу орнына түсу үшін қандай құжат қажет? Оларды қайда, қашанға дейін өткізу керек?

Оқиға категориялары