"Парасат майданының мұзбалағы" атты кеші
Ж.А.Ташенев атындағы университеттің білім алушылары қалалық Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен Тәкен Әбдік шығармашылығына арналған "Парасат майданының мұзбалағы" атты кешке қатысты. Кешке Жазушылар Одағының төрағасы Дәркен Танабаев, Ж.А.Ташенев университетінің аға оқытушысы Рана Арынбаева т.б. қатысып, білім алушылардың автор шығармаларын талдауына баға беріп, сәттілік тіледі. Аталған университеттің 1курс студенті Аман Рахат домбырамен әуендетіп, ән салып, тыңдармандарды бір серпілтіп тастады.
"Қазақ тілі және әдебиеті" кафедрасы
- Кафедра туралы
-
Кафедра тарихы 1999 жылы 1 қазаннан басталады. Кафедра қазақ тіл мен әдебиеті,өзбек тілі мен әдебиет мұғалімдерін даярлайды. Білім саласында жүйелі білім қалыптастыра алатын,оқу үрдісін заманауи талаптарға сәйкес деңгейде ұйымдастыру қабілетіне ие, ғылыми зерттеулерді,жобалық жұмыстарды, жүзеге асыра алатын қазақ тілі мен әдебиеті , өзбек тілі мен әдебиет мұғалімін дайындауда үздіксіз қызмет атқаруда.
Ректор жатақхана жастарымен кездесті
Бүгінде студенттер үшін қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында түрлі шаралар мен кездесулер ұйымдастырылуда.
Соның бірі - университет басшығы мен жастардың жатақханадағы кездесуі.
Университет ректоры Байболов Қанат Сейтжанұлы жауапты лауазымды тұлғалармен бірге жастардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ішкі тәртіпті тарқата түсіндірді.
Егер сенің де қояр сауалың, айтар ұсынысың болса, жекеге жолдай аласың.
Ашық дәріс
Tashenev University Филология факультетінде 2023 жылдың 23 қараша күні «Тілдер және әдебиет» кафедрасының доценті, п.ғ.к. С.Т.Мусаева 6В03201- «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының 2 курс ФИ-22-4к оқу тобында «Библиографиятану» пәнінен «Библиографиятану саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және оның мазмұны» тақырыбында ашық дәрісін өткізді. Ашық дәріске факультет деканы А.А.Мамытов, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен оқу-әдістемелік бөлімінің өкілдері қатысты.
Ташенев оқулары - Ақпараттық хат
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Сіздерді ТАШЕНЕВ ОҚУЛАРЫ: «БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ ТРЕНДТЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ» халықаралық ғылыми-практикалық NEOконференциясына қатысуға шақырамыз.
Түркиялық профессор семинар өткізді
Түркия республикасы Кония каласы Сельджук университетінің профессоры Мустафа Демирчи «Орта ғасырлардағы ислами мәдениет» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға оқу орнымыздың докторанттары мен тарих және география білім беру бағдарламасының студенттері мен мұғалімдері қатысты.
Білімгерлер профессорға сұрақтар қойып, өзекті тақырып бойынша қызықты пікір талас жүргізілді.
«Цифрлық сауаттылық» тренингі
Құрметті әріптестер!
Баршаңызды «Цифрлық сауаттылық» біліктілікті арттыру курсына қатысуға шақырамыз.
Оқу мерзімі: 2024 жылдың 3 қаңтарынан 19 қаңтарына дейін.
Оқу уақыты: 1000-1600
Өтетін орны: №210 және №212 аудиториялар.
Сабақ кестесі төменде көрсетілген.
Курс бағдарламасы 4 модульден тұрады және 72 сағаттық оқытуға арналған.
Жапбарова Гульмира Амангелдіқызы
Жұмыс тәжірибесі:
Академиялық:
1994-1998 жж. Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институты «Философия және политология» кафедрасында аға лаборант.
1998-2012 жж. М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақ әдебиеті» , «Практикалық қазақ тілі» , «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі», «Психология және дефектология» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент
2019 ж. Шымкент қаласындағы №28 жалпы орта мектебінің оқытушысы қызметін қосымша атқарады. «Педагог-зерттеуші» біліктілік санаттағы маманы.
«Тәшенев ІТ таланттары» олимпиада
Информатика бағыты бойынша 11-сынып оқушылар арасындағы «Тәшенев ІТ таланттары» атты олимпиаданың
ЕСЕБІ