Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция

2023 жылдың  қараша айының 30 жұлдызында «Мирас» универистетінде «Студенттік ғылым 2023» Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конфереенцияда 6В04102 «Қаржы» білім беру бағдарламасынының 3 курс студенті ИЭФ-21-3к тобының студенті Тентиев Диас «Оценка и развитие предпринимательства в Республике Казахстан» тақырыбында баяндамасын ұсынып ІІ–дәрежелі дипломға ие болды, ғылыми жетекшісі э.ғ.м., аға оқытушысы З.А.Абдурахманова. 

«Кәсіби даму» күні

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Студенттер, жас ғалымдар және профессор-оқытушы құрамының назарына! Әр аптаның дүйсенбі күні білім алушылардың қабілеттерін жетілдіру мен білімге деген құштарлығын ояту мақсатында  «Спорт және дене шынықтыру» факультеті «Кәсіби даму» күнін жариялап отыр.

Осыған орай, 06.12.2023 жылы, сағат 10.00-де, 210 ауд. Шымкент қаласының білім басқармасының №119 Маятас жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директоры  Туракулов  Бейбут Араббаевичті кездесуге шақырамыз.

«Тиімді түйіндеме» семинар

Әр оқу орнының мақсаты- студенттерінің сапалы біліммен жұмысқа орналасуы. Осы бағытта бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу қабілетін арттыру бағытында түрлі сала мамандарымен «ТИІМДІ РЕЗЮМЕ» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Шеберлік дәріс

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті студенттер, жас ғалымдар және профессор-оқытушылар құрамы!
Білімгерлердің ізденуге деген қабілеттерін жетілдіру мен оқуға құштарлығын ояту мақсатында «IT, экономика және құқық» факультеті аптасына бір рет «Кәсіби даму» күнін жариялап отыр.

Мамандық таңдау кеш

2023 жылдың 29 қараша күні  «Экономика және құқық» кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушы С.М. Туралина, э.ғ.м., аға оқытушы  К.М.Уйсынбаева, Сапарбаева Э.А., магистр, оқытушы - Б.К. Есимбекова «Атамекен»  ЖББ КММ, «Достық» ЖОМ КММ,  М.Исламкулов атындағы ЖОМ Ордабасы ауданындағы 11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдарын «Мамандықты дұрыс таңдау-баянды болашақтың бастауы» атты мамандық таңдау кешіне қатысып, кәсіптік бағдар жұмысын атқарып үгіт-насихат жұмыстарын  жүргізді.

Ғылыми семинар

2023 жылдың 29 қараша күні IT, экономика және құқық факультетінің «Экономика және құқық» және  «Ақпараттық коммуникациялар технологиялар» кафедасымен бірлесіп «Студенттерді Ғылыми жұмыстарға айналысуға, мақала жазуға, шығаруға үйрету, ғылыми жобаларға қатысу жайлы  кеңес беру» атты тықырыбында ғылыми семинарды өткіздік. Баяндамаларды кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы Абдурахманова З.А. – э.ғ.м., аға оқытушы, Жасан Г.Ж, Татимова М.Н.  жасан дайындап презентация  арқылы ақпаратты жеткізді.

Шеберлік дәрісі өтті

Президент сыйлығының  лауреаты,  танымал журналист, публицист, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қоғам қайраткері Бейсенбай Жолдасбекұлы Сүлейменов Ж.А.Ташенев атындағы университеті филология факультетінің білім алушыларына 29 қараша күні «Бүгінгі балалар әдебиеті» тақырыбында шеберлік дәрісін өткізді. Дәріске университеттің тәрбие жөніндегі проректоры з.ғ.к. Ғ.Ш.Битұрсын, факультет деканы, ф.ғ.к. А.А.Мамыт, Шетел тілдері кафедрасының  меңгерушісі, ф.ғ.к. Ж.Н.Ботабаева және факультеттің оқытушылары қатысты.

Ғылыми кеңес мәжілісі

Бүгін университетімізде ең маңызды жиындардың бірі - ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ өтті.

Мәжіліске университет ректоры мен проректорлар, кафедра меңгерушілері мен бөлім басшылары, жастар саясаты өкілдері қатысты.

Жиын барысында Tashenev University ғылыми журналын шығару мәселесі мен перспективасы, жастардың өзін-өзі басқару қызметі мен білім беру саласындағы даму бағыттары талқыланды.

Шеберлік дәріс

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті студенттер, жас ғалымдар және профессор-оқытушылар қүрамы!
Білімгерлердің ізденуге деген қабілеттерін жетілдіру мен оқуға қүштарлығын ояту мақсатында Филология факультеті аптасына бір рет «Кәсіби даму» күнін жариялап отыр.
Осыған орай, Президент сыйлығының лауреаты, танымал журналист, публицист, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қоғам қайраткері Бейсенбай Жолдасбекұлы Сүлейменов білім алушыларға «Бүгінгі балалар әдебиеті» тақырыбында шеберлік дәрісін өткізеді.

Семинар-тренинг

Хабарландыру
Құрметті Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университетінің профессор оқытушылары!
Түркия Республикасы Кония қаласы Сельджук университетінің профессоры Мұстафа Демирчи мырзаның «Түркиядағы академиялық қызмет және тәжірибе» тақырыбында семинар тренинг өткізіледі.
Өткізілетін уақыты: 2023 жылдың 29 қараша күні, сағат 14:20 да.
Өткізілетін орны: Гагарин көшесі, 22А.
Ескерту: кафедра меңгерушілері сабақтан бос ПОҚ-ң толық қатысуын қамтамасыз ету тиіс.
 

Оқиға категориялары