Халықаралық байланыс нығайды

Өзбекстан Республикасының Ташкент мемлекеттік химия-технологиялық институтында өткен «ІІ Ташкент халықаралық заманауи білімдер» конгресінде Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Беларусь елдерінен қатысқан профессор-оқытушылар бір-бірімен достық диалог орнатты. 

БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ БАСҚОСУ

Университетте ҚР өзбек этномәдени бірлестіктері “Дустлик” қауымдастығы өкілдерімен ынтымақтастық басқосуы болып өтті. 
Оған ҚР ӨЭМҚБ «Дустлик» қауымдастығының төрағасы И.Хашимжанов, Түркістан ӨЭМҚБ төрағасы Б.Нишанқұлов, Шымкент қалалық ӨЭМБ төрағасы Т.Нишанбаев пен «Дустлик» қауымдастығы Ақсақалдар кеңесі төрағасы және бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Жамбыл облысынан да арнайы қонақтар келді. 

Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік жаршысы

«Тарих және география» кафедрасының ұйымдастыруымен «Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік жаршысы» атты дөңгелек үстел өтті. «Тарих», «География-тарих» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен шараға қатысушылар ең алдымен Тәуелсіздік үшін күресте шейіт кеткен ата-бабаларымызды және кешегі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Ұлық мереке аталып өтті

Универсиеттімізде Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Салтанатты шарада оқу ордасының мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатып жүрген, республикалық және өңірлік шараларда топ жарып жүлделі оралған бірқатар оқытушылар мен студент жастарға Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табыс етілді. 

Оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі

Бөлімнің мақсаты

Бөлімнің негізгі мақсаты - Ж. А. Ташенев университетінің даму стратегиясына сәйкес оқу процессін, оқу-әдістемелік жұмысты басқару, бақылау және жетілдіру, оқу үдерісін перспективалық және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау.

Әкімшілік-басқарушы қызметкерлердің бос орындарына орналасуға конкурс жариялау

? Хабарландыру 17.10.2022 ж.

«Ж.Тәшенев атындағы университеті» Әкімшілік-басқарушы қызметкерлердің бос орындарына орналасуға  конкурс жариялайды:

Халықаралық стандарттарға сай сертификаты берілді

Университетімізге Халықаралық ISO 9001:2015 стандартының талаптарына сәйкес тәуелсіз аудиторлық ұйымнан (IQNet Халықаралық сертификаттар жүйесінің партнері — Түрік Стандарттары институты ТСИ, Анкара) сыртқы аудитор өкілдері Расим Йылмаз аудит жүргізді. Шараға бас аудитор Хидает Шахин online қатысты.

Құттықтаймыз!

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық университетінің 85 жылдық мерей тойы. 
85 жылдық тарихы бар Оңтүстіктегі ұстаздар ұстаханасы аталып кеткен осынау жоғары оқу орнының тарихында Tashenev University негізін қалаушы Оңалбай Аяшұлының есімі алтын әріппен жазылады. Аталған жоғарғы оқу орнын 10 жылға жуық басқарған көрнекті қоғам қайраткерінің ОҚМПУ-дің мемлекеттік мәртебесін қайтаруына, университет атағын алуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. 

Оқиға категориялары