Студенттерімен бірге көне қалашықты тапқан
Арамызда 26 жылдық тарихы бар университетіміздің алғашқы құрылған кезеңінен бастап ыстығы мен суығын бірге көтеріп келе жатқан оқытушыларымыз бар. Солардың бірі – тарих және география кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Сабира Апашева.
Халықаралық әйелдер күні!
Қадірменді қыз-келіншектер, аяулы ақ жаулықты аналар!
Сіздерді көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жеткен 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Гүлге оранған күн
Tashenev University фойесінде халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем-ару» мерекелік кеші өтті. Университет ұжымындағы ер-азаматтар мен «Педагогика және психология» кафедрасы бірлесіп ұйымдастырған шара ерекше безендірілген. Өнерлі студенттердің қолөнер бұйымдары мен картиналары, ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылған.
Салтанатты жиында сөз алған университет ректорының міндетін атқарушы Б. Тоқмұрзаев барша аяулы аруларды көктем мерекесімен құттықтап, шығармашылық және кәсіби біліктіліктерін арттыра беруін тіледі.
Тәшенев талантты жастары
"Тәшенев талантты жастары” конкурсының іріктеу кезеңі басталды!
Университетімізде талантты жастарды іріктеуге арналған конкурсқа өтінімдер онлайн форматта 21 ақпанға дейін қабылданған болатын. Қабылданған өтінімдер негізінде іріктеу кезеңі басталды. Іріктеуде оқу орны басшылығының бұйрығымен бекітілген комиссия мүшелері белсенді жастармен сұхбаттасып, бұл шараның олардың бойында булығып жатқан таланттарын ашу мақсатында ұйымдастырылып жатқанын түсіндірді.
Студенттеріміз биіктерден көрініп жүр
Университетімізде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандырып, ғылыми құзыреттіліктерін жоғарылату мақсатында атқарылатын жұмыстардың жоғары деңгейін көрсететін іс-шаралар реті үздіксіз жүргізіліп келеді. Мұндай шараларға әсіресе «Педагогика және психология» кафедрасы ерекше үлес қосуда.
Tashenev University - Халықаралық белгі
Біз туралы БАҚ беттерінде... Өз саласының маманы, өңірдегі әрбір мәселені қалт жібермейтін Любовь Доброта "Казахстанская правда" газетіне университетіміз және оның болашағы туралы өте мазмұнды мақала жариялапты. Оқи отырыңыздар... сілтемесі төменде https://kazpravda.kz/n/mezhdunarodnyy-orientir-tashenev-university/
Халықаралық конференцияға шетелдік ғалымдар жиналды
Шымкентте даңқты қолбасшы, ғажайып ғұлама ақын, қоғам қайраткері, әлемге танымал Орта Азия халықтарына ортақ құнды мұра «Бабырнаме» тарихи шығармасының авторы, моғол империясының негізін қалаушы, Захриддин Мұхаммеджан Бабурдың 540 жылдығына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Белсенділіктері үшін марапатталды
Шымкент қаласы Абай атындағы қалалық әмбебап кітапханасында “Дін-ғылымның негізі, қоғамның тірегі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында өткен іс-шараға қонақтармен қатар университетіміздің аға оқытушысы Шолпан Серикбаева мен "Филология” кафедрасының білім алушылары да қатысып қайтты.
Онда «Бибі Сара ана» мешітінің бас имамы Самат Анарбаев Шымкент қаласы дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары тәрбиелік мәні бар тақырыптарда сөз қозғады.
Кәсіби бағдар берілуде
Tashenev University оқытушылары Түркістан облысына қарасты аудандарда болып, бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.
«Технология және Дизайн» факультетінің деканы Д. Артықпаев бастаған оқытушылар И.Жасұзақов пен Ф Убаев Кентау қаласының бірқатар мектептері мен колледждеріндегі оқушыларға Жаңа Қазақстанның жаңа бағыттағы, заман талабына сай, келешегі кемел оқу ордамыз жайлы кәсіби бағдар беріп жатыр.