Мерекелік күн – ғажайып сәттен бастау алды
Жыл сайын өткізілетін мерекелік іс-шараның биылғы көрінісі айрықша сипатта болып өтті. Университеттің бас ғимаратында Жастар бөлімі және бір топ белсенді студенттер профессор-оқытушылар мен студент-жастарды мерекелік көңіл-күйде қарсы алды.
АНАЛАР МЕН АРУЛАР МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ
"Сырдария" университеті жыл сайынғы дәстүр бойынша әйелдер мерекесін сән-салтанатпен қарсы алды. Әдемі безендірілген сахнада "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінің ұйымдастыруымен Аналар мен аруларға арналған бір керемет кеш болды. Керемет кеш университетіміздің ректоры Серік Сансызбайұлының мерекелік құттықтау сөзімен ашылды:
Әлемді жүрегімен әлдилеген!
Бүгін университеттің "Биология" кафедрасы мен мамандық студенттері АРУЛАР күніне арналған "Әлемді жүрегімен әлдилеген!" атты мерекелік ашық тәрбие сағатын өткізді.
Сыйынар ем Ана деген тәңірге!
Бүгін университетімізде "Гуманитарлық білім" факультеті, "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 3-курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Сыйынар ем Ана деген тәңірге" атты 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Университетімізде "Бұрымды қыз" сайысы өтті
Қазақ қыз десе, беті ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді. Құлағымызға шолпының сыңғыры елестейді. Қазіргі қыздарға тән ұзын шаш жойылып кеткен жоқ, қайта көбейіп келеді. Осыған орай, университетімізде "Гуманитарлық білім" факультетінің топ басшыларының ұйымдастыруымен, "Бұрымды қыз" атты факультетаралық сайыс өтті. Бұл сайыста 9 ару (Манешова Гауһар, Ізбасхан Алмагүл, Қосанова Ақбаян, Қадыр Ақтолқын, Шалқар Балжан, Құрмаш Құрбанкүл, Жүзжігіт Гүльназ, Әшірбай Салтанат, Ахмет Әсем) бақ сынасты.
Профессор ғылыми атағы берілуімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
"Сырдария" университетінің "Педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызына ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің "Ғылыми атақ беру туралы" 2019 жылғы 27 ақпандағы №201 Комитет төрағасы міндетін атқырушысының бұйрығымен 13.00.00 – Педагогика мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Ұлы тұлғалармен кездесуы
Ақпан айының жиырма сегізінші жұлдызында оқушыларға болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру, мектеп өмірінің студенттік кезеңнен айырмашылығын көрсету мақсатында, университетіміздің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Абенова Ләззат Усманқызының ұйымдастыруымен, "Ұлы дала тұлғалары" атты кездесу болып өтті.
Университетімізде "Sanaly urpaq" жобалық кеңсесінің ресми ашылуы болды
Бүгін "Сырдария" университетінде "Sanaly urpaq" жобалық кеңсесінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Аталған жобалық кеңсенің ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Жүндібаев Ғабит Өмірәліұлы келді. Кеңсенің ашылу салтанатында Ғабит Өмірәліұлы мен университетіміздің ректоры Серік Сансызбайұлы ашылу лентасын қиды.
Университетімізде "Жүректен жүрекке!" атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
"Жанашырлыққа жан риза" дегендей, бүгін университетімізде Жастар бөлімі, "Елбасы серіктестері" еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен, "Жүректен жүрекке!" атты қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті.
Қайырымдылық жәрмеңкесі жастарды адами қарым-қатынас сезіміне тәрбиелеу, көмекке зәру жандарға мейірімділік пен жанашырлық таныту, оларды рухани тұрғыда қолдап-қуаттау мақсатында өткізілді. Жәрмеңкеде түрлі тіл үйіретін тәтті-тағамдар мен сусындар ұсынылды. Жәрмеңкеден түскен қаражат көмекке мұқтаж жандарға жұмсалатын болды.
Университетімізде қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті
Қайырымдылық жасау – ұлтымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Ұлтымыздың ұлағатты ісін жаңғырту орайында 25 ақпан күні "Сырдария" университетінде "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 3-курс Қт-16 тобының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Қт-16 тобының студенттері өздері дайындаған түрлі тағамдар мен сусындарды арзан бағада ұсынды. Жәрмеңкеге университеттің студенттерімен қатар, профессор-оқытушылар да келді. Жәрмеңкеден 20 500 теңге табыс түсті.