"Сырдария" университетінің қарлығаштары білім ұясынан түлеп ұшты
Осыдан бірнеше жыл бұрын мектеп табалдырығынан түлеп ұшқан түлектер кеуделерін кернеген көңілдегі қимастық сезімдерін бүгін міне, екінші рет қайталап отыр. Бұл жолы да үлкен өмірге, баянды болашаққа, соқпағы көп сапарға аттанғалы жатқандықтарын еске салды. Жүректегі тебіреніс көзге еріксіз жас әкеліп, көңілдегі қуанышпен қоса, қорқыныш сезімі де саналарын билегендей.
"Сырдария" университетінде халықаралық конференция өтті
"Сырдария" университетінде 2019 жылдың 14-15 маусым күндері экономика ғылымдарының докторы, профессор Серіков Бегім Серікұлының 80 жылдық мерейтойына арналған "Жаһандану, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың қазіргі жағдайы мен болашағы" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Гранттар білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінетін болады
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) өткізілу форматына қатысты ешқандай өзгерістер болмағанымен, білім беру гранттарын бөлу үрдісіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұрын-соңды ЖОО мемлекеттік гранттары мамандық бойынша бөлінетін болса, ендігі кезекте білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінетін болады. Аталмыш топтарға жоғары оқу орындарының бір немесе бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді. Барлығы 97 топ бар.
Қайырымдылық көмек көрсетілді
Бүгін "1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау" күніне орай, "Сырдария" университетінің вице-президенті Серік Оңалбайұлы Жетісай ауданы бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж 263 мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларға сый-құрмет көрсетті. Жасалып жатқан бұл қайырымдылық Жетісай ауданындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға рухани қуаныш сыйлады.
Қасиетті Рамазан айының қарсаңында жасаған игі жақсылығыңыз үшін Серік Оңалбайұлына ниетіңіз қабыл болсын деген тілек білдіреміз!
"СЫРДАРИЯ" УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГТІҢ ҮЗДІКТЕРІ САПЫНДА
"ҚР ЖОО-на деген сұранысының ұлттық рейтингі – 2019" бойынша аккредиттелуге елімізде қатысқан 87 жоғары оқу орны арасында үздік деп танылған "ТОП-20" басты рейтингісінің нәтижесінде "Сырдария" университеті 16-орынды иеленіп отыр. Бұл, әрине, еліміздегі ЖОО арасындағы беделіміздің көрсеткіші деуімізге болады.
"Нұр Отан" партиясының штаб мүшелері студенттерге саяси науқанның саяси маңыздылығын кеңінен түсіндірді
Бүгін университетімізге "Нұр Отан" партиясының штаб мүшелері келіп маусым айының тоғызы күні өткелі отырған еліміздің басты саяси науқанының саяси маңыздылығы мен мәселелерін студенттерге кеңінен түсіндірді.
Университетіміздің мамандықтары ұлттық рейтингтің үздіктері қатарында!
НААР Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің 2019 жылы мамандарды даярлаудың бағыттары мен деңгейлері бойынша
Университетіміздің мамандықтары ұлттық рейтингтің үздіктері қатарында!
НААР Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің 2019 жылы мамандарды даярлаудың бағыттары мен деңгейлері бойынша ҚР ЖОО-ның талап етуінің ұлттық рейтингі жарияланды.
Осы Рейтингте Университетіміздің 2 мамандығы: 5В012500 "Химия-Биология" мамандығы 2-ші орынды, ал 5В012900 "География-Тарих" мамандығы 3-ші орынды иеленді.
Университетімізде сайлауалды түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Мамыр айының 14-жұлдызында университетіміздің сайлауалды түсіндірме жұмыстарына байланысты өткізілген жиында оқу орнының ұстаздары "Nur Otan" партиясының атынан ұсынылған кандидатты алдағы 9 маусым күні өтетін кезектен тыс президент сайлауына лайықты үміткер деп санайды. Сонымен қатар, университет ұжымы халықты сайлау науқанына белсенді түрде атсалысуға шақырды. Өйткені дұрыс әрі лайықты таңдау жасау мемлекеттің тұрақты дамуына негіз болады.