"Жастар жаңалығы" атты ғылыми жоба байқауына қатысуы
"Жаратылыстану және математика" факультеті химия мамандығының 2 курс магистранты Алғабас Тулентаев факультет деканы, PhD докторы Перизат Абдуразованың жетекшілігімен ОҚМПУ-нің "Жастар жаңалығы" атты ғылыми жоба байқауына қатысып, "Фотохимиялық жолмен қондырылған метал қабықшаларының бактерицидтік қасиеттерін зерттеу" деген тақырыпта дайындалған ғылыми жобасы үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және ІІІ орын иеленгені үшін 50 мың теңгенің сертификаты табысталды.
Жайдарман Жастар бөлімі кубогы - 2019
Сәуір айының 2 жұлдызында Жастар бөлімінің ұйымдастыруымен университетішілік "Жастар бөлімі кубогы" жайдарман ойыны финалдық бәсекесі болып өтті. Шараға "Гуманитарлық білім" факультетінен "Лидер", "Өнер" факультетінен "Өнер серілері", "Дене тәрбиесі және спорт" факультетінен "Серілер", "Жаратылыстану және математика" факультетінен "Жаратылыс жастары", Жетісай көпсалалы колледжінен "Жетісай колледж" атты командалар қатысты.
"Жастар жылы – жаңашыл бастамалар баспалдағы" апталығы қорытындыланды
Апталық аясында: "Көшбасшылар" мектебі семинар-тренингі, Спартакияда (тоғызқұмалақ, шахмат, баскетбол, воллейбол, футбол, арқан тастыс), "Тағылымды әңгімелер жинағы" алаңы (қонақ: ҚР Мәдениет қайраткері Бөрі Иса), "Мен жастарға сенемін!" атты университетішілік жыр мүшайрасы, "Жастар жылы – жалынды жыл" атты дөңгелек үстел болып өтті.
Нәтижесінде жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен медаль берілді.
Оңалбай Аяшев жастармен кездесті
Наурыз айының 29 жұлдызында "Сырдария" университетінің негізін салушы, қазіргі таңда ОҚМПУ ректоры, п.ғ.д., пофессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Түркістан облысының мәслихаты депутаты Оңалбай Аяшев Жастар жылы аясында белсенді студентермен кездесті. Студенттер үшін Оңалбай Аяшұлымен жүзбе-жүз кездесіп, өздерін толғандырған сауалдарын қою үлкен мүмкіндік. Белсенді-жастар тарапынан қойылған сұрақтар мен айтылған мәселелердің бағыты да жан-жақты болды.
СЫРДАРИЯ ЖАСТАРЫ ҚОЛДАЙДЫ!
Бүгін "Сырдария" университетінде Елорданың "Нұр-Сұлтан" атауына ауыстырылуын қолдау бойынша форум өтті.
Аталған іс-шарада, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 23 наурыздағы №6 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы болып қайта аталуы, Ел Президентінің бұл тарихи шешімі – Қазақстан Республикасы Парламентімен бірауыздан мақұлданған, еліміздің саяси дамуындағы қалыпты жағдай болып табылатындығы туралы сөз қозғалды.
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ОҚУ ОРДАМЫЗДА
Бірінші орта салмақ дәрежесінде жастар арасында WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын еншілеген Садриддин Ахмедов университетімізге арнайы ат басын бұрып, студент-жастармен кездесті. Кездесу барысында бір жылға жетер-жетпес уақыт аралығында жеті мәрте шаршы алаңға шығып, барлық кездесулерін нокаутпен аяқтаған 21 жастағы Садриддин өзінің спортқа келу тарихымен бөлісті. Студент-жастар өзідерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Ұлыстың ұлы күні ұлықталды!
Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің жаршысына айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы "Сырдария" университетінде айрықша сән-салтанатпен тойланды.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Баршаңызды ұлттық, төл мерекеміз, жыл басы Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Іргесі сөгілмес бірліктің берекесі мен ырысы төгілмес тірліктің мерекесіне айналған Наурыз – айбыны асқан, түп- тамыры терең, тағылымы мол өнегелі өркениетіміздің өлшемі іспеттес.
Ұлт тарихының тұңғиығына үңілер болсақ, қадым замандарда-ақ көктемнің алғашқы күнінде ағайындар бір-бірімен қауышып, көңілдегі кірбің мен ренішті кешіріп, "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып" бір- біріне қолұшын созып, тағам үлестіру үрдісі қалыптасқанын бағамдаймыз.
"Физика" үйірме
«Сырдария» университеті, Жоғары математика және физика кафедрасының оқытушылары п.ғ.к., доцент Бердалиева Тилла мен ғ.м., аға оқытушы Динасилова Молдир Батырхановна 10 наурыз күні үйірме жұмыстарын жүргізді.
Үйірмемізідің тақырыбы «Физиканы оқыту негіздері», мұнда студенттер бос уақытында физикалық теорияны тәжірибе түрінде дәлелдейді.
Тилла Досыбековна: бүгінгі үйірмемізіді кішігірім семинар түрінде өтіледі, - деді.
Мерекелік күн – ғажайып сәттен бастау алды
Жыл сайын өткізілетін мерекелік іс-шараның биылғы көрінісі айрықша сипатта болып өтті. Университеттің бас ғимаратында Жастар бөлімі және бір топ белсенді студенттер профессор-оқытушылар мен студент-жастарды мерекелік көңіл-күйде қарсы алды.