Кездесу «Өнердің тұнған сиқыры»
Sirdariya University «Дизайн және өнер» факультетінің «Өнер» кафедрасы 2021 жылдың 26 наурыз күні Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Бейсебаева Рабия Дауылбайқызымен «Өнердің тұнған сиқыры» тақырыбында кездесу өткізді.
Ән көгінің сұңқары - Шәмші
Сіздерді ән әлеміне саяхат жасауға шақырамыз.
Ән көгінің сұңқары - Қазақ вальсының корольы Ш. Қалдаяқовтың туған күніне арналған, ақынның әсем әндерінің шеруіне келіңіздер. Керемет атмосфераға толы кеш болады.
Ұйымдастырушы: Syrdariya University “Дизайн және өнер” факультеті
Өтетін орны: Өнер корпусы, Конгресс Холл
Студенттік кеңес өтті
Әлемнің үздік оқу орталықтарында студенттер университеттің басқару жүйесіне белсене араласады. Бұл әсіресе білім алушыларға әртүрлі салалар туралы құнды ақпарат береді, түрлі мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік жасайды. Бұл үрдіс Syrdariya University-де дәстүрге айналған.
Үздік өлкетанушымен кездесу
Syrdariya University білім алушылары 25 наурыз күні, «Turan Tv» арнасының редакторы, тарихшы-мұражайшы, Үздік өлкетанушы Ерлан Сыздықпен кездесу өткізді.
Студенттер мен өлкетанушының сұхбаты өте қызықты өтті. Ерлан Сыздық жастарға өзінің өз саласындағы алғашқы қадамдары мен ең бірінші жетістіктері туралы, тарихи, мәдени орындарды зерттеудегі тәжірибесі, әр түрлі тарихи деректі фильмдерінің жетістігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, студенттер зерттеу кезінде болған қиындықтар мен қызық оқиғаларын қызыға тыңдады.
Көктемнің тамаша мерекесі - Әз Наурыз құтты болсын!
Барлықтарыңызға жақсылық, жаңа табыс, жаңа жетістіктер тілейміз.
Бізбен бірге болыңыздар!
Құрметпен, Syrdariya University
Мамандық таңдауға дұрыс бағыт беру – уақыт талабы
Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар беру - бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «... әр оқушының білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек» -деп көрсетілген.
Әз-Наурыз құтты болсын!
Бес мың жылдан бері елімізге ізгіліктің шұғыласын шашып, табиғатпен үндесе мерекеленіп келе жатқан Ұлыстың ұлы күні мазмұнға бай теңдесіз мереке емес пе?. Халқымыздың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, Самарқанның көк тасын ерітіп, жыл құстарының әнін шалқытып, табиғаты әсем, арайлы таңы алтын еліме де жасылдан көйлек кигізіп әз-Наурыз кіріп келді.
Талапкерге көмек...
Қазақтарда мынадай мақал бар: «көрінген таудың алыстығы жоқ». Айтайын дегеніміз амандық болса, азғантай уақыттан кейін биылғы жылғы 11 сынып оқушылары көктемгі балапандарша жан-жаққа тарап, өмір деген үлкен жолға түсіп кете барады. Әрине, әр адам өз тағдырының архитекторы екені екі бастан белгілі жағдай. Мектеп түлектерінің мыңдаған әскері ересек өмірге алғашқы қадамдарын жасайтын кезде келіп қалды деген сөз. Енді оларға өз өмірінде қандай жолды таңдайтыны, немен шұғылданатыны жайлы шешім қабылдауға тура келеді.
Республикалық олимпиададағы жетістіктер
Алматы облысының білім басқармасы
Алғыс хат
Алматы облысының білім басқармасы Ынтымақов Советжан Арғынбайұлына 2021 жылдың 22-26 ақпан аралығында өткен жалпы білім беретін Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіреді, сіз кәсіби шеберлік пен іскерлікті ұштастырасыз.
Сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттердің алдын алу
2021 жылдың 17 наурыз күні «Сырдария» университеті, “Дене тәрбиесі және спорт” факультетінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттердің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты - факультет профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін және білім алушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі туралы ақпараттандыру.