Психологиялық қызмет ұйымдастрылды
Құрметті студенттер және біздің сайттың қонақтары!
Біздің университетте арнайы студенттер үшін психологиялық қызмет ұйымдастрылған.
Психологиялық қызметтің жұмыс уақыты: 9.00-17.00 аралығында. Тел. 87071781962.
(Орманова Зауре Құрбанбайқызы)
Сүйінші!
- Read more about Сүйінші!
- 1 view
"Сырдария" университеті "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., филология ғылымдарының кандидаты, Ғалым хатшы Абенова Лаззат Усманқызына ҚР БҒМ "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" Сарапшы ретінде Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының сараптамасын жүргізу кезінде жауапкершілігі мен кәсібилігі үшін Алғыс хат жолдады!
Біз де әріптесімізге зор денсаулық, кәсіби табыс тілейміз!
SU Debate
Бұл үй, кітаптарды электронды форматқа ауыстыруды ақтайды тақырыбында студенттік пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа іріктелген 2 команда қатысты.
Дебат 3 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде командалар жеке көзқарастарын таныстырды. Екінші кезеңде қатысушылар қарсы тарапқа сұрақ қойып пікір таластырды. Үшінші кезеңде екі тарапта сындарға жауап беріп, өз аргументтерін нығайтты.
Төлендина Ақмарал Кәрімқызы
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының түлегі, химия-биология пәнінің мұғалімі. Ол В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының физикалық және органикалық химия кафедрасының инженері, ғылыми ізденушісі болып жұмыс істеді.
ҚазНТУ Қ.И.Сәтбаев атындағы аспиранты ретінде, ҚР Ұлттық ғылым академиясында А.Б.Бектұров атындағы химия ғылымдары институтына жіберілді.
“Qyz Jibek” қыздар клубы: сырласу кеші
«Жаратылыстану» факультеті жанынан ашылған «Qyz Jibek»қыздар клубының жұмыс ұйымдастыруымен 3 наурыз күні сырласу кеші іс-шарасы өтті.
Қыздар клубы, қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мол мейірімділікке, төзімділікке баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеуді мақсат тұтып келеді.
IQ ТУРНИР
Кезекті IQ турнирі өтті. Бұл жолғы модератор 1-курс студенттері Айкерім Байназарова мен Орынбасар Мүтан.
Іс-шара барысында қатысушы студенттер логикалық сұрақтарға жауап іздеп, есте сақтау қабілетіне және жүйрік ойлы болуға арналған әр түрлі ойындардың шешімін тауып тапсырмаларды жоғары деңгейде орындады.
Тренинг: Бәрі сенің қолыңда!
Біздің мақсат: Студенттердің өз мәселесін жан-жақты қарастырып, шешімін тауып, мәселелерді жеңе білу жолдарын түсінуге,күйзеліссіз өмірді көрсетуге ықпал ету.
Күні: Жұма, 5 наурыз
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: Бас оқу ғимараты, Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау орталығы
Маңызды міндет - инклюзивті білім беру
Сілтеме: https://oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=32423
Қазақстан Республикасы Үкіметі «2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» маңызды міндеттердің бірі ретінде инклюзивті білім беруді дамытуды анықтаған. Осының негізінде «Сырдария» университетінде «Қашықтықтан оқыту жағдайында инклюзивті білім беру» тақырыбындағы «Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау» орталығы ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.
Маңызды міндет - инклюзивті білім беру
Сілтеме: https://www.rgmedia.kz/A_sanat/bailanys/2019-06-02/3410.html
Қазақстан Республикасы Үкіметі «2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» маңызды міндеттердің бірі ретінде инклюзивті білім беруді дамытуды анықтаған. Осының негізінде «Сырдария» университетінде «Қашықтықтан оқыту жағдайында инклюзивті білім беру» тақырыбындағы «Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау» орталығы ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.
АНА – ГҮЛ, АНА – ӨМІР ШУАҒЫ
АНА – ГҮЛ, АНА – ӨМІР ШУАҒЫ – атты тәрбиелік іс шара Диз-18 тобында болып өтті.
Мақсаты: Студенттерге әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы жастарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.
«Ана – гүл, ана – өмір шуағы» жақсылықтың нышанындай, жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі қызығы мен берекесі –8 НАУРЫЗ ортамызға келді.