Экскурсиялық саяхат

«Сырдария» универсиеті, «Филология және гуманитарлық білім» факультеті, «Отан және шетел тарихы» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері Түркістан облысының мақта шаруашылығы тарихы музейіне барып, тағылымы мол тарихи мәліметтермен танымдық түйсіктерін толықтырып қайтты.

Тәлімгерлік сағат

2021 жылы 25 ақпан күні «Сырдария» университетінде «Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, оған жол бермеу, сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттердің алдын алу мақсатында студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізу» тақырыбында Инф-10жғ тобына тәлімгерлік сағат өтілді.
Мақсаты - білім алушылардың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жастардың рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Білім алушылардың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жастардың рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында тәлімгерлік сағат өтілді.

Университет кітапханасы жаңа оқулықтарымен толықтырылды

"Сырдария" университеті, Кітапхана қоры орыс әдебиеті, тарих, информатика, қазақ тілі пәндерінен жаңадан келген кітаптармен толықты.


https://youtu.be/OQRUA-XhycM
 

БІЛІМДІ ШӘКІРТ – ҰСТАЗ АБЫРОЙЫ

Әрине, шәкіртінің озық болғаны, білімділік, біліктілік дәрежесін көрсеткені ұстаздарының қажырлы еңбегінің жемісі деуімізге болады. Осы орайда, «Сырдария» университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттері 2021 жылдың 25 қаңтар мен 4 сәуір күндері аралығында Жетісай, Шардара, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарының мектептерінде 10 апталық кәсіби педагогикалық, өндірістік іс-тәжірибедан өтіп қайтты.

VІІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Білім мен ғылымды дамытудағы жастардың рөлі» атты студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі VІІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылу салтанаты өтті. 

Адалдық сағаты

Біздің университетте дәстүрге айналған "Адалдық сағаты" шығарылымын ұсынамыз.

Біздің мақсат: әділеттілікті, адалдық пен сенімділікті қалыптастыру, жақсы білім мен адами  құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру.

Таштауова Жанар Хандилдаевна
"Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі


https://youtu.be/RQFU61RT6_w
 

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Білім мен ғылымды дамытудағы жастардың рөлі» атты студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі VІІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырамыз.

Күні: 9 сәуір, 2021 жыл
Уақыты: 10:00

ZOOM платформасы
Идентификатор: 363 476 6584
Пароль: 1212

 

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН “БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ РӨЛІ” АТТЫ СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ VІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ

Оқиға категориялары