«Өнер саласындағы білім: инновациялар және стартаптар» семинар

2025 жылдың 21 ақпан күні Жұмабек Ақметұлы Тәшеневтың 110 жылдығына арнап, әйгілі дизайнер-модельер, «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Байтелиева Жанна Елтановна «Өнер саласындағы білім: инновациялар және стартаптар» тақырыбында семинар өткізді. 
Семинардың негізгі мақсаты - дизайн саласындағы қазіргі заманғы инновациялар мен стартаптарды таныстырып, қатысушыларға дизайн процесіндегі жаңа әдістер мен құралдарды меңгеруіне көмектесу. Семинар барысында инновациялардың, технологиялардың, және креативті шешімдердің бизнес-идеяларға қалай әсер ететіні талқыланады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша республикалық семинар

21.02.2025 ж. Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі департаментің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша республикалық семинар өтті.

Қатысқан: «Құқық және бизнес» кафедрасының аға оқытушы Уйсынбаева Клара Молдагалиевна

Университеттегі оқу-тәрбие және идеологиялық жұмыстар талқыланды

Университет ректоры Қанат Байболовтың төрағалығымен кадрлар даярлау сапасын арттыру, тәрбие және идеологиялық жұмыстар мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараға проректорлар, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері, университеттің медицина қызметкерлері және барлық топ тәлімгерлері қатысты.

ШЫҒЫСТЫҢ ҒҰЛАМА ҒАЛЫМЫ

20 ақпан күні Ж.А.Тәшенев атындағы университетінде «Оқуға құштар оқырман» үйірмесінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №1 кітапхана бөлімшесі кітапханашыларының қатысуымен көрнекті ғалым, ұлы ойшыл  Әбу Насыр Әл-Фарабидің туылғанына 1115 жыл толуына орай «ШЫҒЫСТЫҢ ҒҰЛАМА ҒАЛЫМЫ»  тақырыбында танымдық  кеш  өткізілді.  Мақсаты Ұлы ғұламаның мол мұрасын мұқият зерделеп, оның терең философиялық ой-тұжырымдарын өскелең ұрпақ бойына сіңіруге, ізгілік қағидаттарын дәріптеуге үйрету.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС

ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС ӨТКІЗДІ 
2025 жылғы 20 ақпанда Шымкент қаласындағы Өзбек драма театрының Үлкен залында Жұмабек Тәшенев атындағы университет пен Қазақстан өзбектері этномәдени қоғамдық бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығы бірлесіп, ауқымды халықаралық шара – «Науаи оқулары – 2025» байқауын өткізді. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен ұлт қайраткері Жұмабек Тәшеневтің 110 жылдығына арналды.

Ұлттық құндылық – ұрпақтар сабақтастығының ұйтқысы

Бүгін Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Қоғам – ұлттық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығының ұйтқысы» атты қалалық форум өтті. Жиынға жиналған ардагерлер мен имамдар, ЖОО проректорлары, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықты дәріптеудің жолдарын бабалар жолынан бастап асыл дінімізден іздеу қажет екенін жеткізді. 

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ШАРА

ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ШАРА
20 ақпанда «ІТ және шетел тілдері» факультетінің «Ағылшын тілі» кафедрасы жастардың интеллектуалды мәдениетін дамытуға бағытталған ерекше іс-шара өткізді. Бұл басқосу атақты мемлекет қайраткері Жұмабек Ахметұлы Ташеневтің 110 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Негізгі мақсат – жастарға интеллектуалды мәдениеттің маңызын түсіндіру, олардың шығармашылық ойлауын дамыту және қоғамда өз орнын табуға көмектесу.

Умбетжанова Умсын Тулегеновна

Ғылыми немесе академиялық дәрежесі, лауазымы: Ұлттық мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оқытылатын пәндер: орыс тілі. Жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі

Зерттеу аймағы: Оқушылардың өз бетінше әрекетін дамыту

Кәсіби жетістіктер: 

«География әлеміне саяхат» - интеллектуалдық сайысы

19.02.2025ж. күні «Тарих және география» кафедрасындағы «Өркениет» студенттік ғылыми үйірмесінің ұйымдастырылуымен «6В01514 – География IP», «6В01509 – География-тарих»  мамандықтарының 1-курс студенттері арасында «География әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты: Студенттердің география пәндерінен алған білімдерін толықтыру, кеңейту, өмірде қолдана білуі. Студенттердің  ой-өрісін  кеңейту,  ойлау, сөйлеу  қабілетін дамыту. Студенттердің география пәніне деген қызығушылығын ояту. Сайысқа «Жас Географшылар» және «Саяхатшылар» топтары қатысты.

Оқиға категориялары

7СЫР (24)