“ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ” пәнінен дәріс

Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры - Ғалымжан БИТҰРСЫН: ДӘРІС БЕРУДІҢ ДЕ ӨЗІНДІК ЛӘЗЗАТЫ БАР.

Мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына келген жас өрендерге дәріс беру ЖОО-ндағы кез-келген ұстазды шабыттандырады деп ойлаймын.

Балалық ойдан арылмаған білім алушылардың үлкен өмірге бейімделуіне, оның жеке тұлға ретінде дүниетанымының қалыптасуына әрбір ұстаз өзінің пәнін жете түсіндіру арқылы ықпал етеді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Университетіміздің аға оқытушысы - Наралиева Шахло Жамаловна докторлық диссертация нострификациядан өтіп, қолына құжатын алды.

Университетіміз тағы бір Phd - тіл мен әдебиет докторымен толықты. 

Өзбек тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша ұстаздық етіп жүрген Шахло Жамаловнаны ғылым жолындағы жеткен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Оқу ордамыздың аға оқытушысы,филология ғылымдарының кандидаты - Абенова Ләззат Усманқызының «Қазақ әдебиеті тарихы» атты кітабы баспадан шықты.

Оқулық студенттеріміздің ізденісінде кәдеге жарап, білімін арттыруына тілектестік білдіреміз.
 

Тарихи тағылымды кеш

«ТАРИХИ ТҰЛҒА - ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ» атты тарихи тағылымды кеші өтті.

Шараға Ж.Ташенов атындағы университеттің «Тілдер және әдебиет» кафедрасының меңгерушісі ф,ғ,к, доцент - Зылиха Тұрарқызы мен филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы - Болат Қалыбеков, университетіміздің филология факультеті студенттері мен оқушылар қатысты.

Тарихи тағылымға толы кеште тарих, ұлттық рух туралы баяндалып, тақырыпқа сай көрініс пен көркем сөз ұсынылды.
 

БОЛАШАҚ ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Жұмабек Тәшенев атындағы университеті ҚР ӨЭМҚБ «Дустлик» қауымдастығы, Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясы, А.Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті, Әндіжан мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесе жалпы білім беретін мекемелердің бітірушілер сынып оқушылары арасында «ТАЛАНТТЫ ЖАСТАР» Халықаралық шығармашылық байқаудың қорытындысын жариялап, қазақстандық жеңімпаз жастар мен ұстаздарын, мекеме директорлары марапатталды.

Семинар-тренинг

Бүгін Тәшенев университетінде «ХХІ ғасырдағы адамның және кәсіпкердің өмірін басқару» тақырыбында Дамира Ерлан ханымның семинар-тренингі өтті.

Семинарда ХХІ ғасырда кәсіпкерге керекті компетенциялары мен құзіреттілігін арттыру мақсатында қажетті қабілеттерді дамыту бағыттары талқыланды.
 

Оқиға категориялары