Ашық дәріс
14.02.2024ж., сағат 14-30, 413 аудиториясында «Экономика және құқық» кафедрасының аға оқытушысы Усенов И.М. «Отбасы құқығы» пәнінен, «Некені тоқтату» тақырыбында ашық дәріс сабағын өтті. Сабаққа білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің маманы Сатыбалдиева М.Т., «Экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі Бакиров Е.А. және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
«Цифрлық сауаттылық» оқыту курсы
Профессор-оқытушылар құрамының цифрлық құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында ақпараттық технологиялар бөлімі мен «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының қызметкерлері «Цифрлық сауаттылық» оқыту курсын ұйымдастырды. Курстарды ұйымдастырушылар келесі мәліметтер дайындаған: 72 академиялық сағатқа есептелген арнайы оқу бағдарламасы, қатысушылар тізімі (67 оқытушы), сабақ кестесі, тест сұрақтарының жинағы, тестілеуден өтуге арналған бағдарлама, сертификаттарды беру үшін тіркеу журналы.
Курс бағдарламасы төрт модульден тұрады:
«Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау» ашық дәріс
«Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Азизбекова Айжамал Сұлтанбекқызы ағымдағы жылдың 12 ақпанында Еп -23-7,10,12,13 к топтарында «Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді. Сабаққа Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы З.М.Оралова, кафедра меңгерушісі С.Н.Апашева, кафедра оқытушылары А.А.Зоржанова мен А.М.Утемисова қатысты.
ЕЛ ҮМІТІН АРҚАЛАҒАН ТӘШЕНЕВ ЖАСТАРЫ
Елімізде жастарды кешенді дамытуға бағыталған ұлттык деңгейдегі жалғыз жоба -«Ел үміті» медалі иегерлері анықталды. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттык мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУ
Теориялық грамматика пәні бойынша, “Ағылшын тіліндегі шақтар” тақырыбында 6В01703- “Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау” білім беру бағдарламасының күндізгі, қашықтықтан оқитын білім алушыларға арналған бейне-дәріс өтті.
Спикер: Исламова Мухаббат Михтибаевна
Педагогика ғылымдарының магистрі,
аға оқытушысы
Study by distance and update your qualifications wherever you live
Педагогикалық іс-тәжірибе
Көктемгі академиялық жоспарға сәйкес, «Шетел тілдері»кафедрасының «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау», «Шетел: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау»білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттері Түркістан облысының қала және ауылдық жалпы орта мектеріне жолдама алып, педагогикалық іс-тәжірибеден өтуде.
Студенттеріміз практика барысында білікті тәлімгерлерден сабақ беруде қолданатын түрлі әдістерді, интерактивті тақтамен жұмыс жасау, балалар мен қалай жұмыс жасау дағдыларын үйреніп, іс жүзінде жүзеге асыруда.
Тәшенев Университеті – болашақ заңгерлерді даярдаудың сапа кепілі
Прокуратура, ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері қызметтік борышын адал атқара отырып, ең жақсы қасиеттерді – ымырасыздықты, адалдықты, батылдықты, кәсіби борышын мінсіз орындауды және қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз орындауды көрсетуде. Сондықтан адвокаттық қызмет әрқашан сұранысқа ие және элита болып қала береді. Міне, олар сені болашақта солай болуға үйретеді.
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің құқықтану мамандығына түскен студенттерінің мамандықтары.
Түлектер қауымдастығы
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университетінің Түлектер қауымдастығы (бұрынғы «Сырдария») - ерікті қоғамдық бірлестік мәртебесіне ие үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым.
Қауымдастықтың негізгі міндеті-түлектер арасындағы байланысты қолдау мақсатында университет түлектерінің қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Халықаралық конкурс
2024 жылдың 6-шы ақпан күні "Экономика және құқық" кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Ресей Федерациясы, Уфа қаласындағы «Хабаршы-ғылым» ғылыми-білім беру орталығында өткен халықаралық конкурсқа қатысты.
«АТА-АНА ҚАДІРІ» атты кездесу
Оқу ордамызда студенттер үшін түрлі шаралар мен кездесулер өткізу дәстүрге айналған. Бүгінде жастар саясаты бөлімі «Ізгілік» қорымен бірлесіп, студенттер үшін ата-ана қадірі, отбасы құндылықтары, жастар тәрбиесі тақырыбында кездесулер өткізуде.
Кездесудің бірінші күнінде студент жастарымыз көздеріне жас алып, жиын соңында ата-аналарына хабарлама жолдап, қоңырау шалды.
Ізгілік қорының атқарушы директоры - Қайрат Бақытұлы алдағы уақытта да студенттеріміз үшін арнайы семинар-тренингтер өткізіп, ізгі істерде қолдау білдіретініні айтты.