Университет ректоры 1-курс студенттерімен кездесті

14 ақпанда "Сырдария" университетінің "Қазақстан" студенттер сарайында оқу ордамыздың ректоры С.С. Дайырбеков пен барша бірінші курс студенттерінің кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты – оқу орнының табалдырығын кеше ғана аттаған жастардың студенттік өмірге бейімделуіне қолғабыс ету, көкейлеріндегі сауалдарға жауап беру. Студенттерді ЖОО-дағы білім беру үрдісі, мамандықтары бойынша болашақта жұмыспен қамтамасыз етілуі, тәжірибеден өту мүмкіндіктері, сондай-ақ, тұрмыстық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер қызықтырды.

"Ерлікке тағзым" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

11 ақпанда "Сырдария" университетінде "Ерлікке тағзым" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу болып өтті.

Мақсаты – Отан алдындағы жауынгерлік борышын өтеу барысында жат жерде жан тапсырып, құрбан болған боздақтардың есімдерін халық жадында мәңгілік қалдыру және Ауған соғысы ардагерлерін халқымызға, оның ішінде жастарға насихаттап, егемен еліміздің жас ұрпағы алдыңғы ағалар жолының ерлік шежіресімен таныстыру, оларды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеуге үлес қосу болып табылады.

Мұқым елдің мұзбалағы

8 ақпан күні "Сырдария" университетінде дара дарын, халқының қара өлеңін құдыретке айналдырған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған "Мұқым елдің мұзбалағы" атты әдеби-сазды кеш болып өтті.

Жыр кернеуі алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Қысқа ғұмырында М.Мақатаев ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырып кеткен ұлы ақын.

"Сырдария" университеті "Бүгінгі әңгіме" бағдарламасында

Елбасы жариялаған 2019 жыл – Жастар жылына сәйкес, "Сырдария" университетінің студент-жастары Оңтүстік аймақтарындағы жастарға Үндеу жариялаған болатын. Осыған орай "ONTUSTIK" телеарнасындағы "Бүгінгі әңгіме" бағдарламасында "Сырдария" университетінің Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Нұрбек Мұратбек пен Жастар бөлімінің басшысы Бектеміс Мейірхан қонақта болды.

Университет ректоры студенттермен кездесті

"Сырдария" университетінде 7 ақпан күні жылдағы үрдіс бойынша студенттер мен ректор арасында кездесу-жиналысы өтті. Мұндай жиналыстың мақсаты – барлық курс студенттерінің топ басшылары, бірінші курс студенттері және бітіруші түлектердің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алу, түйіткілді мәселелердің түйінін табу болатын. Университет ректоры Серік Сансызбайұлы әуелі студенттерді жастар жылымен құттықтаудан бастады: "Баршаңызды 2019 – Жастар жылымен шын жүректен құттықтаймын! Қазіргі таңда жастарға көп жүк артылып жатыр.

Дойбы – ойшылдардың ойыны

2019 жылдың 5 ақпанында студенттер арасында университетішілік "Дойбы" ойыны бойынша сайыс болып өтті. Шараны өткізудегі мақсат – студент-жастардың білім алуымен бірге қоғамдық-мәдени, спорттық шараларға белсене ат салысуына ықпал ету, тапқырлыққа, тез шешім қабылдауға үйрету, логикалық ой өрісін дамыту.

"СЫРДАРИЯ" УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУІ

Құрметті құрбы-құрдастар!!!

Президент Жарлығымен 2019 жылдың "Жастар жылы" болып жариялануы бізге керемет мүмкіндіктер сыйлады.

Бұл – маңызды оқиға, біз үшін үлкен қуаныш. Елбасы Н.Ә.Назарбаев сыйлаған "Жастар жылы" – жаңа буынға арналған тұғыры биік ерекше мәртебе.

Қазіргі дәуір – біздің уақыт!

"Жастар жылы – жасампаздықтың бастауы" атты "Сырдария" жастарының форумы өтті

Кез-келген мемлекеттің болашағын жалғайтын жастар. Өйткені, жастары жігерлі ел ғана болашаққа даңғыл жол салып, биік белестерді бағындырады. Осыны ескерген Елбасы 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялады. Бұл – біздер үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Осығын орай "Сырдария" университетінде Жастар бөлімінің ұйымдастыруымен "Жастар жылы – жасампаздықтың бастауы" атты жастар форумы өтті.

Мемлекеттік қызмет мектебіне барып қайтты

Үстіміздегі жылдың 25 қаңтарында облысымызға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Sanaly urpaq" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Токушевтің келуіне байланысты, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаевтың шақыруымен "Сырдария" университетінің тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры М.

Университет жастары "Жастар жылының" ашылу салтанатын тамашалады

Бүгін елордасы Астана қаласында "Нұр әлем" павильонында Елбасының қатысуымен "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" атауымен Жастар жылының ашылу салтанатын тікелей эфирден "Сырдария" университетінің басшылық қауымы мен оқытушылары және студент-жастары да қызығып тамашалады. Студенттер Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Өз ұлтымыздың патриоты болуымыз керек" – деген жалынды сөздерінен кейін ерекше әсер алды. Және бойларына күш жинап, өздеріне нық сенімді қадаммен алға басуға, әрбір жас студент осы жылы өз қабілетін көрсете білуге ұмтылыс жасады.

Оқиға категориялары