СУРЕТТЕР ДЕ СӨЙЛЕЙДІ

«Жемқорлыққа жол жоқ» атты сурет байқауы «Дизайн және өнер» факультет студенттері арасында өтті. Бұл шараны өткізудегі мақсат студенттерді адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету.

Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын сыбайлас жемқорлық саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Guest speaker: пікірсайыс ойын емес, өмір салты

SU Students’ Union ұйымдастыруымен кезекті Guest speaker іс-шарасы өтті. Бұл жолғы спикер Syrdariya University түлегі, Жетісай аудандық “Jalyn” пікірсайыс клубының төрағасы Табиғат Аралбаев.

Кездесу еркін форматта өтті. Табиғат Аралбаев жастарға өзінің университеттегі студенттік өмірі туралы, пікірсайыстағы алғашқы қадамдары мен ең бірінші пікірсайыс ойнағаны туралы, қазіргі таңдаға жетістігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, жастар студенттік өмірді қызықты өткізудің жолдары туралы, пікірсайыс кезінде болған қиындықтар мен қызық оқиғаларын қызыға тыңдады.

"Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау" орталығы ашылу

"Сырдария" университетінің "Педагогика және психология" кафедрасының жанынан ашылған "Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау" орталығының ашылу лентасын қию кезінен естелік.

Талапкерге 5 кеңес

Салем, талапкер!

Сен қазір университет пен мамандық таңдау алдында тұрсың.
Біз саған көмек бергіміз келеді.

Кәсіби мамандардың маңызды кеңестерін қабыл ал.

Сонда ғана сенің болашағың жарқын, табысты болады.

“Жаратылыстану” факультетінің деканы К.А.Исаеваның талапкерлерге арналған 5 кеңесін ұсынамыз.


https://youtu.be/4F_RLyCvsso
 

Тарихтан тағылым, өткенге тағзым онлайн-дәрісі

Жастармен жұмыс атқару бөлімінің ұйымдастыруымен онлайн-дәріс өтті. Спикерлер Syrdariya University Ғалым-хатшысы, ф.ғ.к., доцент Л.У. Абенова, Ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор, философия докторы PhD П.А. Абдуразова

Онлайн-дәріс өте қызықты өтті. Лаззат Усманқызы жастарға Алғыс айту күнінің маңызы, тарихы туралы, мерекенің түпкі идеясы туралы айтып берді. Сондай-ақ, студенттер мереке тарихы мен Абайдың бауырмалдық пен адамгершілік туралы айтқан ойларын қызыға тыңдады.

GUEST SPEAKER

Сіздерді кезекті еркін пікір алмасу алаңына шақырамыз.

Спикер: Табиғат Аралбаев - Syrdariya University түлегі, Жетісай аудандық “Jalyn” пікірсайыс клубының Президенті, “Ең үздік жас мұғалім - 2019” облыстық байқауының жеңімпазы.

Тақырып: Пікірсайыс ойын емес, өмір салты

Өтетін орны: SU Әкімшілігі ғимараты , Конгресс Холл

Мұса Гүлжан Мұратқызы

Білімі: М.Әуезов атындағы, ОҚМУ, "Кітапхана ісі" мамандығы, 2017. М.Әуезов атындағы, ОҚМУ, "Кітапхана ісі" мамандығы бойынша ғылым магистрі, 2020ж

Негізгі жұмыс орны(мекеменің мекен жайы): "Сырдария" университеті, М.Әуезов көшесі 11

Оқытылатын пәндер: 
1. Электронды каталог 
2. Кітапхана үдерістеріндегі мультимедиялық технологиялар. 
3. Электронды кітапханалар 
4. Кітапханашының кәсіби этикасы 

Батырханова Светлана Батырхановна

Білімі: Орталық Азия университеті, Кітапханатану және библиография мамандығы, 2009 ж. «Сырдария»  университеті педагогика ғылымдарының магистрі, 2020 ж.

Негізгі жұмыс орны(мекеменің мекен жайы): "Сырдария" университеті, М.Әуезов көшесі 11.

Оқытылатын пәндер: 
1. Библиографиятану 
2. Балалар әдебиетінің библиографиясы 
3. Кітапханалық библиографиялық өлкетану 
4. Кітапханалық сервис 
5. Кітапхананың инновациялық және әдістемелік негіздері 
6. Құжаттарды аналитикалық-синтездік өңдеу

Жемқорлыққа қарсы күрес!

Біздің еліміз демократиялы ел болу жолында қызмет етіп келеді. Ал демократиялы елде жемқор болуы мүмкін емес. Біздің еліміз дамыған отыз елдің қатарына жету жолында күресіп, сол жолда еңбек етіп келеді. Біздің қазақ елі тәуелсіз елдер ішінде көш бастап келеді. Сондықтан да біздің елімізді дүниежүзі танып, ықыласын білдіруде. Жемқор жайлаған елді дүниежүзі мойындамайды, сенім артпайды. Жемқор-жаман әдет. Халықтың байлығын қалтасына басып, елден ерекше көрінуге тырысады. Сол жолда қандай зұлымдық істер болсада тайынбайды.

"AntiParaCraft - 2021" студенттік квест

26 ақпан күні Syrdariya University - де республика көлемінде өтіп жатқан "AntiParaCraft - 2021" студенттік квест ойындарының салтанатты ашылуы өтті.

AntiParaCraft" 
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың жаңа әдісі  “AntiParaCraft" студенттік квест ойыны болып өтті!

Квест ойынының  мақсаты - рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыра отырып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды насихаттау.

Оқиға категориялары