"Сырдария" университетінің Ғылыми кеңесі маңызды шешім қабылдады
«Сырдария» университеті – еліміздің оңтүстік қиырында, Өзбекстан мемлекетімен шекаралас жатқан шалғайдағы Мырзашөл өңірін өркениетті, мәдениетті аймаққа айналдырып отырған оқу ордасы.
Пікірсайыс
Бұл үй, белсенді студенттік өмір маңызды деп санайды тақырыбында студенттік пікірсайыс өтті.
Пікірсайысқа іріктелген 4 команда қатысып, әдеттегідей 2 команда іріктелді.
Іріктеуден өткен 1-команда өз кейсін сәтті құрды. Спикер жетістіктердің дені студенттік өмірде болатынын, оның болашақтағы пайдасына назар аударды. Өз сөздерін 3 аргументпен толықтырып, негізгі ойын нақтылап көрсетті.
Психологиялық тренинг: "Сенімділік, батылдық және қызмет"
«Сырдария» университетінде «Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау» орталығында «Сенімділік, батылдық және қызмет» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
Тренингтің мақсаты: Адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырып жастардың қайрат жігерін шыңдау.Психологиялық тренинг арқылы мазалап жүрген сұрақтарына кеңес беру. Тренингте рухани түрде медеу таппай жүрген жастарға психологиялық көмек көрсету.
Балтабаева Гауһар Саядылқызы
Білімі: Әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты (1999 ж), 2010 жылы «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасы (әңгіме мен повестер)» атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады.
1986-1991 жылдарда Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университетінің «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын, 2004-2007 ж.ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығын бітірген.
Халықаралық мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік конференция қатысуы
«Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс атқарудағы мәселелерді шешу жолдары (психологтардың, дефектологтардың, медициналық, әлеуметтік және мамандандырылған мекемелердің қызметкерлері мен басқа да санаттағы мамандардың тәжірибелік презентациялары)» атты Халықаралық мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік конференцияға "Сырдария" университетінің атынан қатыстық.
Сұлу көктем немесе бүгінгі қазақ әйелінің болмысы жайлы
Мейірімді де жайдарлы, абзал да қадірлі, асыл жанды аналар, отағасының сүйеуі, отбасының тірегі болған келіншектер, тал шыбықтай бұралған аяулы қыздар. «Сырдария» университетінің ардақты, нәзік жанды оқытушы-профессорлары, Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!
Мереке қарсаңында өздеріңізбен қазақ әйелінің болмысы және қазақ әйеліне тән қасиеттер жөнінде ой бөліскім келіп отыр.
Тренинг тақырыбы: "Бәрі сенің қолыңда!"
Тренингтің мақсаты: өмірінде көптен мазалап жүрген жүрек-жарды сырларын айта алмай не болмаса шешімін таба алмай жүрген мәселерін шешуге көмек көрсету. Алдағы уақытта кезіккен мәселелерге төтеп бере алуға дайындау. Өз мәселесін жан-жақты қарасытырып, шешімін тауып,мәселелерді, жеңе білу жолдарын түсінуге,күйзеліссіз өмірді көрсетуге,топтағы студенттермен белсенді жұмыс жасауға, бір-біріне көмектесуге түрткі жасауға көмектесуге негіз болады.
Құттықтаймыз!
Syrdariya University ғалым хатшысы, ф.ғ.к., доцент, абайтанушы Ләззат Усманқызы Абенова 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында “Nur Otan” партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә. Асауовтың алғыс хатымен марапатталды.
Әріптесімізді марапатпен құттықтай отырып, білім мен ғылым жолындағы жұмыстарына сәттілік, табыс тілейміз!
Адалдық сағаты
Біздің университетте дәстүрге айналған іс - шаралар бар.
Сондай шаралардың бірі - "Адалдық сағаты".
Мақсаты: әділеттілікті, адалдық пен сенімділікті қалыптастыру.
Сондай - ақ, студент жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие беру, жақсы білім мен адами құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру.
Ахынова Улбике Саулебековна, "Жаратылыстану ғылымдары" кафедрасының магистрі
https://youtu.be/x7vJToe25HE
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты
«QAZAQ-BILIM CENTER», Қазақстан Республикасы Түркістан облысының адами әлеуетін дамыту басқармасымен, Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлесіп ҚР мемлекеттік құрылымдары мен жұртшылығының инклюзивті қызметін қолдау мақсатында «Балалармен жұмыстағы проблемаларды шешу жолдары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.