
Ашық ректорат
Біз барлық сұрақтарға жауап беруге тырысамыз
Іс-тәжірибе, 2020-10-15
Сұрақ:
Аса құрметті, ректор мырза! Мен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студентімін. Сізден іс-тәжірибе бойынша сұрақ қойайын деп едім. Біздер іс-тәжірибеге телеарналарға бара аламыз ба? Бара алсақ қандай арналарға?
Жауап:
Құрметті білім алушы, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы педагогикалық мамандық болып табылатындықтан Сіздер мектепте, білім беру мекемелерінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтесіздер.
Грант, ата-аналар, 2020-06-10
Сұрақ:
Менің қызымның арманы- Сіз басқарып отырған оқу орнының грантын иемдену. Биыл мектепті бітірді. таңдау пәні - қазақ тілі мен әдебиеті. ҰБТ-дан жинағаны 95 бал. Грантқа ие бола алар ма екен? Қалай ойлайсыз? Жалпы статистика дегенді көре алмай отырмын
Жауап:
Құрметті ата-ана! Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі өте жақсы. Грант иегерлері мемлекеттік білім гранттары конкурсының нәтижесіне байланысты анықталатындықтан, біз нақты айта алмаймыз. Конкурсқа құжаттарын тапсыру қажет. Сіздерге сәттілік тілейміз!
Оқуға түсу, 2020-05-25
Сұрақ:
Құрметті ректор мырза! Мен биыл 11-ші сынып бітірдім, сіздерде орыс тілі мұғалім мамандық барма? Бар болса жылына қанша куямыз? Тағыда кандай мамандыктар бар?
Жауап:
Құрметті абитуриент. "Сырдария" университетінде 27 білім беру бағдарламалар бар, оның ішінде «6В01703-Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламала кіреді. Толемақы: 180 мың тенге. Біздің сайтта «ТАЛАПКЕР» бөлімде толық мәлімет көрсетілген
Академиялық ұтқырлық, 2020-05-25
Сұрақ:
Мен математика(5В010900) мамандығының 2-курс студентімін. 2021 жылғы көктемгі семестрде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Гумилев атындағы ЕНУ ға жарты семестрге оқи аламын ба, ол үшін не істеу керектігін толық айтып жібересіз.
Жауап:
Құрметті студент! Сұрағыңыз бойынша толық ақпарат алу үшін Академиялық ұтқырлық секторы қызметкерлерімен хабарлассаңыз болады. Байланыс деректері: 8(72534) 6-14-63, е-mail: sirdariya.mobility@mail.ru. Рахмет!
Ұжымға алғыс, 2020-04-25
Сұрақ:
Сәлеметсіз бе! Мен өз атымнан физика және математика мұғалімдеріне осы қиын уақытта бізге берген еңбектері, шыдамдылықтары мен білімдері үшін зор алғыс білдіргім келеді.
Жауап:
Құрметті студент! Жағымды пікіріңіз үшін рақмет. Оқуда және болашақ өмірде сәттілік тілейміз! Рахмет!
Толемақы, 2020-02-20
Сұрақ:
Сәлеметсізбе ректор мырза!
Мен педагогика және психология білім беру бағдарламасының студентімін. Мен 2019жылы университетті бітіруім қажет болған. Бірақ 3 курста яғни 2018 жылы 2 сабақтан қарызым отбасылық жағдайыма байланысты жабылмай қалды. Енді сол қарыз сабақтарымды жауып дипломымды алғым келеді. Не істесем болады? Карантин кезінде өтінішті онлайн форматта жіберуге болады ма? Қолымда 1жасқа толмаған сәбиім бар. Өзім ақылы бөлімде оқыдым. 4жылдық оқуымның ақысы төленіп тұр. Оқу ақысы сақталады ма? Бұл сұрақпен кімге жолықсам болады? Менің бұл сұрағымды ескерусіз қалдырмасаңыз деймін!
Жауап:
Сәлеметсіз бе! Оқу орнымызға қайта қабылдануыңыз үшін өтініш жазып, студенттерге қызмет көрсету орталығына тапсырсаңыз болады. Байланыс телефоны: 6-14-03.