🇪🇺🇰🇿 Еуропалық комиссия гранттарына дайындық аясында халықаралық жобалық құзыреттілігін күшейтуде
background

🇪🇺🇰🇿 Еуропалық комиссия гранттарына дайындық аясында халықаралық жобалық құзыреттілігін күшейтуде

2025-08-04

Медиатека / Жаңалықтар / 🇪🇺🇰🇿 Еуропалық комиссия гранттарына дайындық аясында халықаралық жобалық құзыреттілігін күшейтуде

Tashenev University басқарма төрағасы Оңалбай Аяшұлы Аяшевтың қолдауымен университет жобалық менеджмент бағыты бойынша біліктілікті арттыруға арналған халықаралық бағдарламаға сәтті қатысты. Бұл бағдарлама Бельгияның жоғары білім саласындағы ынтымақтастық кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылып, Еуропалық комиссияның гранттық бағдарламаларына қатысуға дайындықты мақсат етті. Belgian Education Council. 

Жобалық даму – стратегиялық басымдық. 

Бағдарламаға қатысу бастамасын Tashenev University-дің стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректоры Рысбекова Жанар Касымбекқызы көтерді. Оның айтуынша, университет кадрларының жобалық құзыреттерін арттыру – басты міндеттердің бірі.

💬 «Tashenev University – еуропалық білім беру кеңістігіне белсенді түрде кірігіп жатқан университет. Erasmus+, DAAD және Horizon Europe бағдарламалары бойынша жобалық өтінімдер даярлау – даму стратегиямыздың негізгі бағыты», – деді Жанар Касымбекқызы.

Бағдарлама аясында не үйренілді:

 • Erasmus+, Horizon Europe, DAAD сияқты еуропалық гранттық бағдарламаларға өтінімдер даярлау әдістері меңгерілді;

 • EU Funding & Tenders Portal платформасына тіркелу жүзеге асырылды;

 • Университет жанынан жобаларды қолдау кеңсесін (Project Office) құру бойынша жоспар әзірленді;

 • 2025 жылғы Erasmus+ конкурсына ұсынылатын 5 жоба идеясы жасалды;

 • Key Action 2: Capacity Building in Higher Education аясында алғашқы өтінім қазан айына жоспарланып отыр.

📊 Анықтама: 2023 жылы Erasmus+ бағдарламасына 4,3 млрд еуро бөлінді. Соның 600 млн еуродан астамы Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы серіктестік жобаларға бағытталды. Қазақстан бойынша жылына 90-ға жуық өтінім берілсе, соның тек 20–25-і ғана қолдау табады.

📌 «Бұл бір реттік шара емес – Tashenev University қабырғасында тұрақты жобалық экожүйе қалыптастырудың алғашқы кезеңі», – деп түйіндеді Жанар Касымбекқызы.