9 мамыр – Жеңіс күні

Ардақты ағайын!
Баршаңызды Жеңіс мерекесімен құттықтаймын!
Біздің бүгінгі жетістіктеріміз, аспанымыздың ашық болуы – Отан қорғауда қаһармандық көрсеткен аға буынның арқасы.
Біз олар көрсеткен ерлік, жанқиярлық еңбек алдында әрқашан бас иіп, тағзым етеміз. Соғыс жылдарындағы аталарымыздың ерлігі мен әжелеріміздің еңбегі – халық жадында мәңгі сақталады.

7 Мамыр - Отан қорғаушылар күні

Құрметті жерлестер, ардақты ағайын!
Сіздерді айбынды мерекеміз – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке Тәуелсіздігіміздің қорғаны – Қазақстан армиясының құрылған күні.
Қарулы Күштеріміз ең алдымен – елдігіміздің символы, Отанға деген перзенттік құрметтің нышаны.
Ерлік пен елдіктің нышаны болған бүгінгі мереке елімізге тыныштық пен татулық, әрбір отбасына қуаныштар ала келсін! Ержүрек және жігерлі азаматтардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күннің жаршысы болсын!
Аспанымыз ашық, ынтымағымыз ырысты болғай! 

«Таң нұры» телебағдарламасының эфирінде

Университетіміздің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын мен Студенттер Альянсы клубының жетекшісі Аруза Аяпова “Ontustik” телеарнасындағы "Таң нұры" бағдарламасында Ж.А.Тәшенев университетінде жастарды қолдау барысында мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асып жатқандығы, кәсіби бағдар жұмыстары бойынша университетте дайындалатын ББ бойынша толық ақпарат берді.

Іріктеу және ашық сайлау

Студенттік өзін-өзі басқару құрамына іріктеу және ашық сайлау

2023 жылдың 11 мамырында Студенттік өзін-өзі басқару құрамына іріктеу өткізіліп, 12 мамырында 1-3 курс топ басшыларының толық қатысуымен Ашық сайлау өтеді. Сайлауды университет студенттері ZOOM арқылы көре алатын болады.
 

Сессияда ұсыныс білдірді

Университетіміздің Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Шахло Наралиева Астана қаласында өткен ҚХА 32-сессиясына қатысып қайтты. Пленарлық мәжілісінде сөз алған Шахло Жамалқызы өз ұсыныстарын да жеткізді.

Жаңа орналасқан жер

Құрметті студенттер мен университетімізге келушілер!

Тәшенев университеті жаңа орынға көшкендігін хабарлаймыз.

Мекенжайы: Шымкент қ, Қонаев даңғылы 21 (бұрыңғы "Алтын Орда" б/о ғимараты).
 

Университетімізде қонақта...

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің география ғылымдарының докторы, профессор Орденбек Мазбаев университетімізде болып, «Тарих және география» білім бағдарламасының студенттерімен кездесті. 

Белсенді жастар студенттер слетінде жоба ұсынды

Жуырда Астана қаласында «Мeta MEET» тақырыбымен XIX республикалық студенттер Слеті өтті. Еліміздің барлық жоғары оқу орындарының белсенді жастары қатысқан слетке университетіміздің жастар саясаты бөлімінің басшысы Дариға Төлеген мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымының белсенді студенттері барып келді. 

Екі тараптың ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды

Tashenev University бірқатар шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктес. Соның бірі -- Ресейдегі М.В.Ломоносов атындағы Солтүстік (Арктикалық) федералдық университеті. Ресейдің федералды университеттерінің бірі саналатын бұл оқу орны Архангельск қаласындағы жоғары білім ордасы. Өңірдегі бірнеше жоғары оқу орнын біріктіру арқылы құрылған оқу орнының құрылымында 8 жоғары мектеп және 2 институт бар. 

Оқыту ісін оңтайландыруды ойласты

https://aikyn.kz/249411/ok-ytu-isin-on-taylandyrudy-oylasty

Болашақ педагогтерді даярлауда мемлекеттік жоғары оқу орындарымен қатар, жекеменшік университеттер де оқу үдерісін заман ағымына сай жетілдіріп, бәсекеге қабілеттілік танытып келеді.

Оқиға категориялары