ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Конституция – Қазақстанды құқықтық мемлекет ретінде танытқан басты құжат. Еліміздегі барлық заңдар Конституциядан бастау алады.
Ата Заңымыз қабылданған күн еліміз үшін тәуелсіздік тарихындағы жаңа дәуірдің басталғанын білдіреді. 1995 жылғы 30 тамыздағы жалпыхалықтық референдумда Қазақстан халқы өзінің болашағына айқын таңдау жасап, Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік негізін қалады.

Студенттер назарына!

Хабарландыру

2023 жылдың 1 қыркүйегі Ж.А.Ташенев атындағы университет дәстүрлі түрде жаңа оқу жылын бастайды.

Күндізгі бөлімнің 1 және 2 курс студенттері үшін сабақ 04.09.2023 жылы басталады.

Күндізгі бөлімнің 3 және 4 курс студенттері үшін сабақ 11.09.2023 жылы басталады.
 

Жатақхана тапшылығы жоқ

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Дәл қазір еліміздің барлық аймағында студенттерді жатақханамен қамту мәселесі күрделі күйінде тұр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударған болатын.
Шілде айында өткен Үкімет отырысында да бұл тақырып өзекті мәселе ретінде айтылды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 1 қыркүйекке дейін білім алушыларды жатын орынмен қамту мәселесін шешуді тапсырды.

Әңгімелесу емтихан

Бүгін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау, оқудың қысқартылған мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әңгімелесу емтиханы өтті.
Ректордың №207 бекітілген бұйрығына сәйкес, комиссия мүшелерімен әңгімелесу өткізілді.
Әңгімелесу мәжіліс залында (207 кабинет) өтті.
 

? №207 бұйрық

Әңгімелесу емтихан

ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
немесе жоғары білімі бар азаматтардан  
әңгімелесу емтиханын қабылдау

2023-2024 оқу жылында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау, оқудың қысқартылған мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әңгімелесу емтиханы 22.08.2023ж. күні сағат 11:00-де 207 мәжіліс залында өтеді.

Ақпараттық-хабарландыру!!!

Білім алушылардың назарына!

1. 2023-2024 оқу жылында білім алушыларды (студенттер мен магистранттар)  жатақханаға орналастыру цифрлық жүйемен жүзеге асырылады. 
2. Жатақханаға өтінім университет сайты (https://tashenev.edu.kz) арқылы беріледі.  Онлайн өтінімдер Тіркеу журналына тіркеліп,  арнайы үлгідегі Жолдама берілетін болады. 

Жатақханаға өтінім беру мерзімі 15.08.- 05.09.2023ж.  аралығын қамтиды.

Білім ордасының болашағы айқын

Қазіргі қоғамның дамуы мен гүлденуі, өмір сүрудің , ұлттың қауіпсіздігі,  ғылымның дамуы, ғылыми зерттеу нәтижелерін іс-тәжірибеде қолданудың тиімділігіне негізделген білім беру қызметінің сапасы мен оны ұйымдастырылу қызметімен айқындалады.Қазіргі әлемдік деңгейде көпшілік мойындаған білім беру қызметі  мен ғылымның бағасы адамзаттың рухани құндылықтарының қатарына жатады. 

Конкурс жариялау

? 10.08.2023. Хабарландыру

Профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау
    
Жұмабек  Ахметұлы Тәшенев атындағы университеті  профессор-оқытушылар құрамы және  ғылыми қызметкерлердің бос орындарына конкурс жариялайды.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары

«Қазақстан халқына» қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялайды.
Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға шәкіртақы төленетін гранттар береді.

Оқиға категориялары