«Эстрадалық вокалдың негізі мен ерекшелігі» практикалық ашық сабақ
«Ж.А.Тәшенев атындағы университеті»АҚ «Спорт және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының оқытушысы Хашимханова Диана Равильевнаның 10.12.2024 күні Гагарин көшесі-22 корпусы 212-ші аудиториясында ПиК-24-4к 1-курс студенттерімен «Дауыс қою» пәнінен «Эстрадалық вокалдың негізі мен ерекшелігі» тақырыбы бойынша практикалық ашық сабағы өткізілді.Ашық сабақ өте жоғары деңгейде,талапқа сай жүргізілді.Тақырыпты ашу барысында оқытушы студенттерге эстрадалық вокал — бұл көптеген ән бағыттарының бірігуі және ол әртүрлі музыкалық жанрларды біріктіреді деп түсіндіре к
Жұмыс берушілермен ынтымақтастық
6 желтоқсан 2024 жылы Жұмабек Ташенев атындағы университетінің Ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі, PhD Ф.І.Артықбаева Шымкент қаласының 125 “High School” мектебіне барып, концерттік бағдарламаларына қатысып, 11 сынып түлектеріне үгіт насихат жұмысын жүргізіп қайтты. Мектеп директоры Ташмухамбетов Бауыржан Галиханович мырзамен жолығып, Жұмабек Ташенев атындағы университетінің білім беру бағдарламалары жайлы ақпарат беріп, жұмыс беруші ретінде ұсыныстарын тыңдап, келісім шартқа қол қойылды.
ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ
2024 жылдың 6 желтоқсан күні ҚХА ның 30 жылдығына орай Шымкент қаласындағы Жұмабек Тәшенев атындағы университетінде Қазақстан ӨЭМБ “Дустлик” қауымдастығымен бірлесе “Достық керуені” атты іс-шара өтті. Ісшараға ӨР “Ватандошлар” қоғамдық қорының қызметкерлері қатысты.
Кәсіптік бағдар аясындағы кездесу
2024 жылғы 6 желтоқсанда Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінде Түркістан облысы, Сайрам ауданы, “Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі” КММ-нен келген оқушылармен кәсіптік бағдар бойынша кездесу өтті. Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында болашақ талапкерлер үшін университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар түрлі факультеттер, кафедралар мен оқу аудиторияларын аралап, университеттің ғылыми және мәдени өмірімен танысты, сондай-ақ білім беру бағдарламалары шеңберінде даму мүмкіндіктері туралы білді.
“Тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихы” ашық сабақ
05.12.2024 күні Ж.А.Ташенев атындағы университетінің АҚ “Өнер және спорт” факультеті “Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі” кафедрасының ғылым магистры аға оқытушы А.Р. Юсуповтын фк -21-1к1, 2,3,4,5,6,7,8 топтарына Тоғызқұмалақ пәні бойынша “Тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихы” тақырыбында ақпараттық дәріс формасында ашық сабақ өткізді. Сабаққа кафедра ПОҚ қатысып, оқытушынын сабақ барысында жаңа тақырыптың теориялық бөлімін толық қамтып, студенттермен өзара тығыз байланыс болғанын жоғары бағалады.
"Спирттер" ашық сабақ
2024 жылдың 5 желтоқсан күні Жаратылыстану факультеті, 6В01504- Химия мұғалімін даярлау мамандығының ЕП 22-8к оқу тобының “Алифаты қосылыстардын органикалық химиясы” пәнінен дәріс сабағы ашық түрде өткізілді.
"Дін философиясы" ашық семинар
«Ж.А. Тәшенев атындағы университет» АҚ «Экономика және құқық» факультеті «Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы ғылы магистрі Қожабеков Нұржігіт Абубәкірұлы 05-желтоқсан күні 6В01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 2-курс 23-5к,12,13 тобына «Философия» пәнінен "Дін философиясы" тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі т.ғ.к., қауым.профессор
С.Н.Апашева, ғылым магистрі, аға оқытушылар Турумбетова Гүлжан, Таубаев Сейтхан, Момынқұл Нұрай қатысты.
«Қазақстан территориясындағы ірі архитектуралық ескерткіштер» ашық сабақ
«Экономика және құқық» факультеті
«Тарих және география» кафедрасы
Оқытушы Исмайлова Марина Арыновна
«Advantages and disadvantages of chosen profession» ашық сабақ
2024 жылдың 3 желтоқсан күні, «Ағылшын тілі» кафедрасының оқытушысы А.Ж.Изтилеуова шет тілі пәнінен ФК24-1К9 тобымен «Professions» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі мен оқытушылары, оқу бөлімі қызметкерлері қатысты. Сабақ барысында жаңа инновациялық технологиялар, атап айтқанда Kahoot ойын түріндегі оқыту платформасы, жұптық және топтық жұмыс әдістері қолданылды. Студенттер пәнге деген қызығушылық пен белсенділік танытып, сабақ өз мақсатына жетті.
«Инновациялық жобалар мен стартаптар арқылы жаңа жұмыс орындарын дамыту»
02.12.2024 жылы «Педагогикалық және жаратылыстару ғылымдары» факультеті, «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының ұйымдастырылуымен «Инновациялық жобалар мен стартаптар арқылы жаңа жұмыс орындарын дамыту» тақырыбында жұмысқа шақыру шарасы аясында 7М01101 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистранттарға арналған арнайы кездесу өтті, онда аймақтың білім беру және психологиялық қызмет көрсету салаларында жаңа жұмыс орындары ұсынылды.